Зорлық – зомбылықты алдын алу бойынша семинар өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Зорлық – зомбылықты алдын алу бойынша семинар өтті

Бүгінде отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Көбінесе адамдар бұл туралы ашық айтпайды. Ол дұрыс емес. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анық жазылған. Зорлық-зомбылық – азаматтардың құқын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі. Түрлі тәсілдермен ұрып-соғу, дене жарақатын салу, азаптау (азапқа салу және денсаулыққа зиян келтіру); адам психикасына әсер етіп (жүйкесінің тозуы немесе тіпті жынданып кетуін тудыруы мүмкін) қорқыту, тәнге жарақат салу, тағы басқалары.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрғын халықтың қоныстануы саласындағы қорының (ЮНФПА) Қазақстандағы атқарушы серіктестігі және «WEF Orkendeu» Қоғамдық қоры «Тұрмыстық зорлық — зомбылықсыз Қазақстан!» жобасын жүзеге асыру аясында оффлайн форматта семинар-тренинг өткізді.

Семинарға Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының 80-ге жуық маманы, яғни психолог және әлеуметтік қызметкерлері қатысты. Олар өңірде гендерлік зорлық — зомбылықтың алдын алу, гендерлік зорлық — зомбылық жағдайларына денсаулық сақтау жүйесінің әрекеті бойынша білімдерін шыңдады.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...