Үстел теннисінен жастар арасында республикалық турнир өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Үстел теннисінен жастар арасында республикалық турнир өтті

Алматы қаласында үстел теннисінен желтоқсан айының 9-11 аралығында жасөспірімдер мен жастар арасында «Алтын күз» атты ашық республикалық турнир өтті.

Тартысты өткен теннисшілер додасында мықты деп танылған спортшылардың есімдері белгілі болды. Аталған жарыста 2010-2011 жылы туылған және 2012 жылы туылған өрендер бағын сынады.

Байрақты бәсекеде Түркістан облысының намысын қорғаған талантты спортшылар қатарында Абай Жұмағұл жеңістің шыңын бағындырды. Ол бар қарсыласын тізе бүктіріп, алтын алқаны мойнына ілді. Ал, тағы бір жерлесіміз Марлен Жұмағұл қола жүлдені қанағат етті. Дарынды спортшыларды республикалық сайысқа бабы мен бағын келістіріп алып барған жаттықтырушысы Мұхтар Сыздыков шәкірттерінің болашағы жарқын екенін айтып, мол үміт күтіп отыр.

Осындай жарқын жеңістерімен жерлестерін қуантқан спортшылар Түркістан облысысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан қалалық №2 балалар мен жасөспірімдер» спорт мектебінің шәкірттері. Республикалық жарыстан олжалы оралған өрендерге аталған спорт мектебінің директоры Ануар Сарсенбаев құрмет көрсетіп, алғыс білдіріп, алдағы өтетін әлемдік додаларда көк байрағымызды биікте желбіретіңдер деген тілегін білдірді.

x

Check Also

Түркістан облысында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылым жаңғырады

Түркістан облысында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Энергетикалық ...

Садақ атудан әлем чемпионатының жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды

Шымкент халықаралық әуежайында Оңтүстік Кореяда өткен садақ атудан әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды жерлестері салтанатты түрде қарсы алды. Ульсан қаласында ...