Түркістандықтар бокстан командалық есепте үшінші орынды иеленді

Павлодар қаласында 2-9 желтоқсан аралығында бокстан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ринг төрінде жеңіске жеткен Түркістан облысының құрамасы 1 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, жерлестерімізді қуантты.

Былғары қолғап шеберлері арасындағы жекпе-жекте жеңіске жеткен 92 келі салмақтағы түркістандық Абзал Құттыбеков жеңімпаз атанды. 63.5 келіде сынға түскен Түркістан облысының үміті Мухаммедсабыр Базарбайұлы мен 67 келі салмақта өнер көрсеткен Темірхан Тезек күміс жүлдеге ие болды. Бокстан талай әлемдік додаларда еліміздің намысын қорғап келе жатқан 86 келідегі дарынды боксшы Тоғамбай Сағындық күміс жүлдені иеленді.

Бокстан Түркістан облысының аға бапкері Нұркен Аңдасовтың шәкірттерінің жетістігі ауыз толтырып айтарлықтай. Биылғы жылдың басты додасында жұдырықтасқан болашағы жарқын Ержан Жомарт 51 келіде, Әбдікерім Бекболат 80 келі салмақта қола алқаны қанағат тұтты. Еліміз бойынша ең талантты әрі адуынды боксшылар қатысқан бұл додаға 200 спортшы 12 салмақ бойынша шеберліктерін шыңдады.

x

Check Also

Түркістан облысында 270 мыңнан астам адамға тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы екпе салынды

Түркістан облысында 2024 жылы тұмау мен ЖРВИ-ға қарсы 271 348 дана «Гриппол+» екпесін тұрғындарға егу жұмыстары жүргізілді. Жалпы өңір тұрғындарының ...

«Мархабат» журналы мен «Markhabat.kz» ақпараттық порталы оқырманға жол тартты

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында танымал жазушы Мархабат Байғұттың туғанына 80 жыл толу құрметіне «Мархабат» журналы мен «Markhabat.kz» ақпараттық ...