Түркістандық спортшы каратэден азияның екі дүркін чемпионы атанды

Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында каратэден (WKF) ересектер арасында Азия чемпионаты өтті.

Дүбірлі додаға мықты деп іріктелген каратэшілер қатысып, бар өнерлерін ортаға салды. Айтулы сайыста Қазақстан құрама командасы өздерінің мықтылықтарын тағы бір дәлелдеді. Отандастарымыздың сапында Түркістан облысының екі спортшысы Әсел Қанай мен Мәди Катешов ел намысы үшін сынға түсті.

Кумите әдісі бойынша 61 келіде татами көркін қыздырған талантты жерлесіміз Әсел Қанайға тең келер қарсылас болмады. Ол жекелей сында және командалық жарыста барлық қарсыласын тізе бүктіріп, қос алтынды ел қоржынына салды. Ал Мәди Катешов қола медаль үшін күресте қарсыласына есе жіберіп, жүлдеден құр қалды.

Түркістан облысында каратэ спортының дамуына білікті жаттықтырушы Боран Төлеевтің еңбегін ерекше атап өтуге болады. Әрбір өреннің жеңіске жету жолында ең алдымен білікті бапкердің еңбегі бар.

Қос алтынды иеленген түркістандық талантты ару Әсел Қанай – білікті басшы Нұрлан Айтбеков жетекшілік ететін Түркістан облысының олимпиада резервін даярлау орталығының шәкірті.

x

Check Also

Түркістан: Төлебиде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мерекелік шара өтті

Түркістан облысы, Төлеби ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шара «Жеңіс» саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын ...

Түркістан: Кентауда 100 жастағы соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді

Биыл 9 мамыр – Ұлы жеңіске 80 жыл. Осы айтулы мереке қарсаңында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров 100 жастағы Ұлы ...