Түркістанда БАҚ өкілдеріне арналған форум өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда БАҚ өкілдеріне арналған форум өтті

Бүгін Түркістанда өңір журналистикасының өзекті мәселелерін талқылау бағытында «Журналистика мен блогсфера: Азаматтық қоғамның қалыптасуына ықпалы» атты журналистер форумы өтті. Маңызды жиынға аудан-қалалық БАҚ өкілдері, баспасөз хатшылары, ЖРО-ның БАҚ-пен байланыс қызметкерлері қатысты.

Келелі басқосуда модератор ретінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев сөз алып, өңір журналистерінің ұлттық идеологияның іргесін бекітуші екенін атап өтті.

Шараға қазақ журналистикасының мэтрі Тілеуқабыл Мыңжасар, белгілі публицист, жазушы Қайнар Олжай, дағдарыстық коммуникация бойынша сарапшы, белгілі блогер Алмас Тоқабаев қатысып, өңірдегі ақпарат саласына қатысты мәселелерді ортаға салды.

Форум шеңберінде үш бағытта секциялық отырыстар өтті. Бұл ретте, «Цифрлық дәуір және БАҚ: қазіргі журналистикаға не жетіспейді?» тақырыбы бойынша қазақ телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар телеарна журналистеріне арнайы шеберлік сағатын өткізді. Сондай-ақ форум тақырыбымен белгілі журналист Қайнар Олжай аудан-қалалық баспа БАҚ өкілдеріне дәріс өтті.

Ал «Журналистика және блогсфера: жанрлық-тақырыптық қиылыстар» тақырыбы бойынша журналист Алмас Тоқабаев баспасөз хатшыларына дағдарыс коммуникациясы бойынша арнайы тренинг өткізіп, тәжірибесімен бөлісті.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...