Түркістанда 500 келі палау тегін таратылды (видео) — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда 500 келі палау тегін таратылды (видео)

Тәуелсіздік күніне орай Түркістан қаласындағы экобазарда палау фестивалі өтті. Онда әр бірінде 50 келіден 10 қазан палау дайындалып, халыққа тегін таратылды. Палау басқан аспаздар өзара мықтыны анықтады.

Экобазар басшылығы ұйымдастырған іс шараға өзге де кәсіпкерлер қолдау көрсеткен. Ал аспаздар ішінде шет елден келгендері де болды.

Сайыс қорытындысында түркістандықтар бірінші орынды жеңіп алып, 500 келі күріш пен 20 литр күнбағыс майына ие болды. Ал екінші орын Өзбекстандық аспаздарға бұйырды. Оларға 250 келі күріш пен 10 литр күнбағыс майы берілді. Үшінші орынды Шымкент палаушылары иеленіп, 100 келі күріш пен 5 литр күнбағыс майын алды.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...