Түркістан облысының спортшылары елшілік жарыстарда толағай табыстарға жеткен

Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында сала мамандарымен кеңейтілген мәжіліс өтті. Басқосуда биылғы жылғы жеткен жетістіктер, атқарылған жұмыстары талқыланды.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараевтың айтуынша елшілік жарыстарда түркістандық спортшылар жоғары нәтижелерге қол жеткізген. Алайда әлемдік додаларда 2021 жылмен салыстырғанда бәсеңсу байқалатынын айта өтті.

Сонымен қатар, келер жылы Азия ойындарының кезекті алауы тұтанады. Осы орайда спортшылардың дайындықтарын тиісті дәрежеде пысықтау қажеттігін, спорт мектептерінің басшыларына қатаң ескертті. Сондай-ақ, кеңес барысында ең басты дода 2024 жылы Париж олимпиадасына споршыларды жан-жақты дайындап, жаңаша бағытта жұмыстар жүргізіліп жатқаны айтылды. 2023 жылы олимпиада ойындарына лицензиялық жарыстар басталады. Осы жауапты сәтте спортшылардың көптеп лицензия алуы үшін бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Жиын соңында сала мамандары өздеріне жүктелген міндеттерін тиісті түрде атқаратынын жеткізді.

Дереккөз: «Turkistan Sport«

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...