Талаптыға шектеу жоқ

Түркістан қаласындағы Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында халықаралық мүгедектер күніне орай — «Талаптыға шектеу жоқ» атты шара өтті.

Жиында орталықтың қызмет алушы мүмкіндігі шектеулі жандары өз өнерлерін ортаға салды.

Сонымен бірге, шаһарда түрлі салаларында еңбек етіп, танылып жүрген мүмкіндігі шектеулі азаматтар жөніндегі бейне сұхбаттар көрсетілді.

Одан бөлек, орталықтағы «Тең қоғам» бөлімшесінде кәсіптік сабақтан өтіп, мемлекет тарапынан кәсіпкерлікке қолдау көрсету үшін тағайындалған грантқа қол жеткізу арқылы өз кәсібін дөңгелеткен кәсіпкерлер көрме ұйымдастырды.

Жиын соңында орталықтан көмек алушылар көпшілікке ізгі тілектерін арнап, ерекше әсерлерімен бөлісті.

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...