Талантты жастар «Тұранда» — Xnews — ақпарат агенттігі

Талантты жастар «Тұранда»

Қала әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев ”Тұран-2010” футбол клубының ойыншыларын қабылдады.

Кездесу барысында қала әкімнің орынбасары Ерлан Бақытжанұлы команда мүшелері мен бапкерлерге сәттілік тілеп, шаһарда жеңіске жетуге футболшылардың барлық мүмкіндіктері бар екенін еске салып: « Футбол — бұқаралық спорттың мейлінше кең таралған, танымал түрі. Сондықтан Сіздердің жеңістеріңіз барша түркістандықтар үшін елеулі оқиға деп білемін. Спорт – денсаулық кепілі. Жас ұрпақтың дені сау болса, ұлтымыз әрқашан бәсекеге қабілетті болмақ. Сол себепті бүгінде мемлекет бұқаралық спорттың дамуына, жастардың салауатты өмір салтын ұстануына барынша жағдай жасап отыр»- деді Ерлан Күзембаев.

«Тұран» футбол академиясының спортшылары биыл Грекияда өткен халықаралық жарыста 6-шы орынды иеленді. Әлемнің үздік клубтарына қарсы ойнаған саңлақтардың жастары небәрі 10 және 12 жаста.

Одан бөлек, жас футболшылар республикалық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы.

Бас бапкері Мустафаев Марат.

x

Check Also

Түркістан облысында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылым жаңғырады

Түркістан облысында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Энергетикалық ...

Садақ атудан әлем чемпионатының жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды

Шымкент халықаралық әуежайында Оңтүстік Кореяда өткен садақ атудан әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды жерлестері салтанатты түрде қарсы алды. Ульсан қаласында ...