Шымкентте халықаралық талаптарға сай конгресс-холл салынуда

Шымкентте халықаралық талаптарға сай келетін конгресс-холл салынуда. Мемлекет басшысы Шымкентке келген сапарында аталған нысан құрылысын мерзімінде және сапалы аяқтауды тапсырған болатын. Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов конгресс-холл құрылыс жұмысатырының барысын аралап көрді.
Қала әкімі сала мамандарымен бірге бұл нысанның құрылыс қарқынын бірнеше рет тексеріп, оң бағасын берген-ді. Мұндағы құрылыс жұмыстары қызу, бекітілген кестеге сай атқарылуда.

Шаһар басшысы халық қазынасы әрі рухани байлығы – мәдениеттен бастау алатынын айта келе, үшінші мегаполисте мәдениет ошақтарының санын арттыра отырып, олардың құрылысы әлемдік тәжірибеге сай жүргізілуі керектігін атап өтті.

Шымкент сити аумағында орналасқан конгресс-холл ғимараты 3 қабатты, 5 блоктан тұрады. Онда 2066 орындық көрермен залы, 190 орындық конференц зал, 80 орындық салтанат залы, 40 орындық баспасөз орталығы, 148 орындық асхана қарастырылған. Сонымен қатар 40-қа жуық көлік сиятын жер асты тұрағы болады.

Іргетасы былтыр қаланған нысан республикалық маңызы бар қоғамдық іс-шараларды, конференцияларды, фестивальдерді, концерттік қойылымдарды өткізумен қатар, оқушылар сарайы ретінде барлық қызметті көрсету мүмкіншілігіне ие болмақ.

x

Check Also

Шымкентте «Жомарт жан» орталығы игі іске ұйытқы болды

Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жомарт жан»орталығы ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсететін «ЖИТС-тен (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромынан)балаларды қорғау» ...

Шымкенттік дәрігерлер 4 айлық сәбиге күрделі ота жасады

Қалалық балалар клиникалық ауруханасында 4 айлық сәбиге бірегей ота жасалды. Нәресте ауыр жағдайда тума сол жақты гидронефроз 3 дәрежесімен ауруханаға ...