«Санитас» емханасы көмекке әзір

«Sanitas» – латын тілінен аударғанда – «денсаулық» деген мағынаны білдіреді.

«Санитас» емдеу-сауықтыру орталығы (ЕСО) темір жол маңындағы тұрғындардың денсаулығын бақылау, жақсарту, сонымен қатар колледж оқытушы-дәрігерлердің тәжірибелік жұмыспен айналысуы мен студенттердің клиникалық тәжірибелерден өтуіне жағдай жасау мақсатында ашылған.

Санитас ЕСО – стационарлық қызмет бойынша есепте тұрған жандарға терапиялық, неврологиялық, ЛОР және басқа да емдеу жұмыстарын жүргізеді. Күндізгі ем бойынша төсек-орындар бар. Сонымен қатар, ЕСО құрамындағы «Жан дауа» остеопатиялық-медициналық орталығында емдік массаж, емдік дене шынықтыру, омыртқа созу сынды бірнеше емдер қарастырылған.

«Санитас» – «Джи-Ай» білім беру және сауықтыру холдингінің құрамына енген. Холдингтің мақсаты – білім алуға қажетті жағдайларды қалыптастыру үшін тұрғылықты азаматтарды оқыту, медицина мамандарын дайындаудың сапасын арттыру мен халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету.

x

Check Also

Түркістан: Жеңіс күні қарсаңында Райымбек Сейтметов театрында жаңа қойылым көрерменге жол тартты

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай бүгін Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрында Жұмекен Нәжімеденовтың «Хат тасушы» қойылымы сахналанды. Қойылымда ...

Түркістан: Төлебиде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мерекелік шара өтті

Түркістан облысы, Төлеби ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шара «Жеңіс» саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын ...