Қазығұртта 20 отбасы баспаналы болды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды әлеуметтік нысандарды елге уақтылы тапсыру, тұрғын үймен, инфрақұрылыммен қамту жұмыстарын күшейтуді тапсырған болатын. Осыған орай Қазығұрт ауданында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қазығұрт ауданы орталығында 2 қабатты 10 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді.

Атап айтсақ, баспаналар жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы отбасылар, әлеуметтік осал топтағы азаматтар, бюджеттік және мемлекеттік қызметкерлер санаты бойынша кезекте тұрған 20 отбасына тапсырылды. Сондай-ақ осы күні жер кезегінде тұрған 6 қазығұрттық азаматқа жер учаскесінің құжаттары табысталса, аудан орталығында балаларға арналған 3 ойын алаңшасының ашылу салтанаты өтті.

Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев барша қуаныш иелерін мерекемен құттықтап, жаңа үйдің және балалар алаңшаларының лентасын қию рәсіміне қатысты. Пәтер және жер иелерінің, жалпы аудан тұрғындарының қуанышымен бөлісіп, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынын жеткізді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...