Отандық жөргек шығаратын Түркістандық зауыт өнімдерін шетелге экспорттамақ

Отандық жөргектер шығаратын еліміздегі алғашқы зауыт Сайрам ауданы Ақсукент ауылында орналасқан. Жұмысы қарқынды жүріп жатқан «Capable group» кәсіпорны облыс орталығындағы «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағында өндірісін кеңейтуді көздейді.

Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесу барысында талқыланды. Облыс басшысы инвесторларға қолайлы жағдай жасаудың жолдарын айтты. Басым бағыттар – өндірісті арттырып, жұмыс орындарын ашу.

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өңірде жүзеге асқан инвестициялық жобалар саны артуда. Кездесуде инвестор өндіріс орнының дамыту мүмкіндіктерімен бөлісті. Өндіріс орнында жұмысшылардың 60%-ы –мүмкіндігі шектеулі жандар. Инвестор өз өнімдерін ЕАЭО және ТМД елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр. Бұл отандық экспорттың дамуына қосымша серпін бермек.

Сапасы жоғары, бағасы қолжетімді қазақстандық жөргектер «Алтын бала» және «SimboBaby» атауымен шығарылып жатыр. Жапондық және еуропалық технология қолданылады. Шикізат Түркия, Германия, Қытай және АҚШ елдерінен әкелінеді. Кәсіпорын минутына 500 дана, ай сайын 8 млн. балаларға арналған жөргек шығаруға қауқарлы. Өндіріс орны толық қуатқа шыққанда жылына 500-600 миллион дана жөргек шығаруға мүмкіндік алмақ. Сонымен бірге ересектерге арналған жөргек пен сабын шығаруды қолға алмақ.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...