Оңтүстік Қазақстан педуниверситетіне Өзбекәлі Жәнібековтің есімі берілмек

Сондай-ақ, Қостанайдағы Байтұрсынов атындағы ЖОО атауы түзетіледі.

ҚР Үкіметі Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне Өзбекәлі Жәнібековтің есімін беруді жоспарлап отыр. Сәйкес Үкімет қаулысының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.

Қаулы жобасы 6 желтоқсанда өткен Үкімет жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысына сәйкес әзірленген.

Қаулыға қол қойылса, ЖОО Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік  педагогикалық университеті деп аталады. 

Сондай-ақ, дәл осы қаулы аясында Қостанай облысындағы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің атауына түзету енгізу көзделген. Түзету Алаш көсемінің есіміне қатысты. Сәйкесінше, қаулы қабылданса, оқу орны енді Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті болып аталады.

Қаулы жобасы 9 қаңтарға дейін қоғам талқысына ұсынылған.

informburo.kz

x

Check Also

Көпбалалы отбасыларға Қазақстандағы салық жүктемесі азаяды

2025 жылдың қаңтарында Қазақстанда көп балалы отбасыларды қолдауға бағытталған жаңа норма қабылданды. Салық заңнамасындағы, атап айтқанда ҚР Салық кодексінің 347-бабындағы ...

Увеличение государственной поддержки студенческой молодёжи Казахстана

В целях реализации поручения Главы государства разработана Единая добровольная накопительная система «Келешек». Данная мера государственной поддержки предназначена детям Казахстана в ...