Жоғары спорт шеберлерін дайындайтын мектеп

Түркістан облысында қазіргі таңда жоғары санаттағы спортшылар саны көбейіп келеді. Өйткені саңлақтарды кәсіби тұрғыда дайындайтын Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан облыстық жоғарғы спорт шеберлігі мектебі» жұмыс жасауда.

Спорт мекемесін облыс спортының дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан Нұрмахан Мелдеханов басқарады. Қазіргі таңда мекемеде 13 спорт түрі бар олар: таеквондо (WT), дзюдо, ауыр атлетика, бокс, еркін күрес, су спорт түрлері (байдарка және каноэ есу, академиялық есу), каратэ-до, грек-рим күресі, бадминтон, садақ ату, қол күресі, гір көтеру және теннис.

Мекеменің негізгі құрамында 132 спортшы, ауыспалы құрамында 63 спортшы тіркелген. Олардың 1-спортшы ҚРЕССШ, 24-спортшы ҚР ХДСШ, 64-спортшы ҚР СШ, 43 спортшы СШҮ, 44-спортшы Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасында, 18-спортшы Қазақстан Республикасының жастар құрама командасы тізімінде де жерлестеріміз бар.

Мұнда білікті де тәжірибелі 31 жаттықтырушы. Жаттықтырушылардың ішінде 6-жаттықтырушы ҚР еңбегі сіңген, 18-жаттықтырушы біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты, 13-жаттықтырушы біліктілігі І-санатты.

Биылғы жылы мектеп шәкірттері жалпы алғанда 68–алтын, 41–күміс алқа иеленсе, 62-қола медаль еншілеп, жарқын жетістіктерге жетіп келеді.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...