Жоғарғы санатты дәрігерлер көбейіп келеді

Мемлекет Басшысы өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Халық денсаулығы ол – Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі», — деп атап көрсеткен болатын. Бұл ақиқатында солай. Бүгінде ұлттық құндылығымыз – баға жетпес адам өмірін сақтауда, олардың толыққанды күшпен еңбек етіп, шығармашылықпен айналысуында, сондай-ақ қоғамның белсенді мүшесі болып табыла білуінде медицина қызметкерлерінің атқаратын істерінің маңызы зор.

 Президентіміз халыққа көрсетілетін дәрігерлік қызметтің сапасына әрдайым көңіл бөліп, сала қызметкерлеріне жауапкершілікпен жұмыс атқару қажеттігін тапсырса, тұрғындардың медицина қызметкерлеріне деген талап-талғамы да жоғары. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай ел Үкіметінің, қала басшылығының денсаулық сақтау саласына деген ықыласының бұрынғыдан да жақсара түскенін байқаймыз.

Түркістанда тұрғындар арасында жұқпалы ауруларды төмендету, халықтың санитарлық – эпидемиологиялық салауаттылығын жақсарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру. «Денсаулық» бағдарламасын орындау мақсатында жылдық жоспар жасалынып, көтеру мүмкіндігі пайда болды. Бүгінгі таңда олардың ішіндегі үздіктері медицина ғылымы мен тәжірибесінің соңғы жетістіктерін өз қызметтерінде пайдалануда.

2021 жылға бекітілген Тізім былтырғы жылға қарағанда едәуір кеңейтілді және өз құрамына халыққа бастапқы дәрігерлік – санитарлық, консультациялық – диагностикалық, жедел және шұғыл көмек көрсету, стационарлық көмек көрсету түрлерін қамтиды, оның ішінде адам ағзасына қарсы профилактикалық емдер мен салауатты өмір салтын қалыптастыру іс шаралары енгізілді.

 Түркістан қалалық емханасына қарасты азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асыру үшін қаламызда 8 емдеу мекемелері жұмыс істейді. Оның ішінде Отбасылық денсаулық орталықтары – 7, Бірлік ДЕ – 1.

 Түркістан аумағы туылу деңгейі жоғары, тұрғындар тығыз орналасқан аймаққа жатады. Қала халқы 2022 жылдың 01 қаңтарына 191314 адамды құрап отыр.

Түркістан қалалық емханасында 232 дәрігерлер, 687 орта медицина қызметкерлері қызмет атқарады.

Дәрігерлердің 38-і жоғары санатты, 57-і бірінші санатты, 18 – і екінші санатты. Орта буын мейіргерлердің 246 – ы жоғары санатты, 63 – і бірінші санатты, 12 – сі екінші санатты.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев денсаулық сақтау мәселелеріне ерекше назар аударады және соңғы жылдардың басты оқиғаларының бірі 2019-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың Мемлекеттік «Денсаулық »бағдарламасы болды. Мемлекеттік бағдарлама денсаулық сақтау саласын жаңартуға жаңа бағыттар ашты, келешектегі бірінші кезекті мақсаттар мен міндеттерді анықтады.

Түркістан қалалық емханамызда 2021 жылы «Жастар орталығы», «Психикалық денсаулық орталықтары» іске қосылды. Қазіргі уақытта өз жұмыстарын жүргізуде.

 Биылға жылға жақын күндері Түркістан облысы бойынша алғашқы рет «Профилактика және психоәлеуметтік көмек көрсету» орталығымыз ашылғалы отыр. Орталық мақсаты – Созылмалы инфекциялық емес ауруларды басқару бағдарламаса (ПУЗ)науқастарға бақылау жасау, саламауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану бойынша жұмыстар жүргіземіз. Орталығымызда «Бала дамуын бақылау», «Әмбебап-прогрессивті модель» кабинеті жұмыс жүргізеді.

Бастапқы медициналық – санитарлық көмек көрсету ұйымдары қажетті медициналық құрал жабдықтармен (Ультрадыбысты диагностикалық жүйе, фетальды монитор, кең жолақты секторлық датчик, авторефкератометр, компютерлі «Периком» периграф құралы, автоматты биохимиялық анализатор, тіс емдеу қондырғысы, санды флюографиялық аппарат, жүрек соғысын тексеретін тредмил жүйесі, электрокардиограф) және қажетті санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілген. Сovid-19 бен ауырып жазылған науқастарға Реабилитациялық орталығымыз жақсы жұмыс істейді. Қажетті дәрі-дәрмекпен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Обыр ауруын ерте сатысында анықтау онкологиялық паталогия ауруларынан ауру мен өлу денгейі басты проблемалардың бірі болып қалып отыр, ол ауруларды ерте сатысында анықтау және толық медициналық емдеуге тікелей байланысты. Сондықтан да денсаулық сақтау жуйесінің күші алдын алу диагностикасына, қазіргі тиімді көмек көрсету мен реабилитацияға байланысты.

 Басты назар дер кезінде онкологиялық паталогия ауруларын,әсіресе визуалды орналасқан мүшелердің асқынған түрлерін болдырмауға бағытталады, ол көп шығынды қажет етпейді, бірақ жоғары тиімділігімен ерекшеленеді. Осы бағытта қаламызда жыл сайын тұрғындарды жас ерекшеліктеріне қарай профилактикалық медициналық тексеруден өткізудеміз. Емханамыз әйелдердің сүт безі ауруы диагностикасының қазіргі кездегі маммограф аппаратымен жабдықталған. Бүгінгі таңда сүт безі рагінің кеш сатыда анықталуы кеміді. Жатыр мойны рагі тек І-ІІ сатыларында анықталуда.

 Жоғарыда көрсетілген мәліметтерді қорытындылай келе, қай уақытта болмасын жаңа бастаманың бірден жолға түсіп кетуі оңай шаруа емес. Ол медицина қызметкерлерінен ғана емес, жалпы жұртшылықтан да ортақ түсінік болуы талап етеді. Ендеше, осы жаңа басталып жатқан істің өз ретін тауып, бір арнаға түсуіне бәрімізде мүдделі болуға тиіспіз. Сонда ғана ортақ жұмыс өрге басады.

x

Check Also

В Туркестане отметили 100-летие Рахимжана Кошкарбаева

В Туркестане состоялось торжественное мероприятие, посвященное 100-летию народного героя Рахимжана Кошкарбаева. На мероприятии, организованном в честь столетия Рахимжана Кошкарбаева присутствовал ...

Түркістанда Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығы атап өтілді

Түркістанда Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығын атап өту мақсатында ...