Желтоқсаншыларға құрмет көрсетілді

Бүгін Желтоқсан оқиғасына 36 жыл толуына орай және ҚР Президентінің «Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігін жоспарлы түрде насихаттау туралы» тапсырмасы аясында желтоқсан қатысушыларымен кездесу өткізілді.

Жастар арасындағы отансүйгіштік қасиеттерді арттыра отырып, Тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеу, 36 жыл бұрынғы өрімдей жастардың ерлігін бүгінгі ұрпаққа өнеге ету мақсатында «Желтоқсан — тәуелсіздіктің ұлы рухы» атты ұйымдастырылған басқосу еркін форматта өтті.

Ұлтжандылықтың ерекше үлгісін көрсетіп, ел жастарымен бір сапта тұрып бас көтерген ордабасылық жастар бүгінгі бейбітшілік пен Тәуелсіздіктің қадірін түсініп, ерекше бағалай біледі.

«Кезінде ескерусіз қалғанмен, өз алдымызға ел болғалы мемлекетіміз сіздердің ерліктеріңізді, елдікке ұмтылған асқақ жігерлеріңізді бағалағаны көңіл қуантады. Біз сіздерді бүгінгі таңда батыр деп білеміз, ерліктеріңізге әрқашан құрметпен қараймыз. Отанды, ұлтты сүюдегі махаббаттарыңыз қашан да өскелең ұрпаққа үлгі болып қала бермек» деп тілек айтқан аудан әкімінің орынбасары Қыдыр Сейітқұл ауданымыздың желтоқсаншыларына аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

x

Check Also

Түркістан облысында ветеринария саласы қызметкерлеріне 85 көлік тапсырылып, су шаруашылығы өкілдеріне құрмет көрсетілді

Елімізде 9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлері күні, ал 10 шілде Ветеринариялық қызметкерлері күні болып бекітілген. Осыған орай Түркістан облысында ...

Түркістан: Шетелдік инвесторлармен туризм және терең өңдеу салалары бойынша келіссөздер жүргізілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров кезекті рет шетелдік инвесторларды қабылдады. Қытайдың Шанхай аймағынан келген делегация өкілдеріне Түркістан облысының өндірістік және ...