Ерекше қажеттіліктері бар балғындарға арналған мереке

Бүгін Түркістан қаласында үйде қызмет алатын балалар үшін арнайы мерекелік кеш ұйымдастырылды. Думанды кеште балалар ән мен биден шашу шашып, өз өнерлерін ортаға салды. Салтанатты шараға қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков қатысып, бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарын жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

«Тағдыр сынына мойымай, алға ұмтылған періштелерімізге өмірге құштарлығы үшін, үміттері мен армандары үшін, шынайы күлкілері үшін зор құрметпен алғысымды білдіремін. Балаларға қамқорлық тек «Балалар жылымен» шектелмейді. Біз алдағы уақытта да Сіздермен талай игі шараларда бас қосатын боламыз, — деді қала әкімі.

Қазіргі таңда Түркістан қаласында денсаулығына қатысты 1316 бала тіркелген. Оның ішінде 113 балаға Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің арнайы мамандары үйде қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, қалада ерекше балаларға қамқорлық жүйелі түрде жүзеге асып келеді.

Айта кетсек, Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен бірнеше рет «Мейірімді жүрек» акциясы өтіп, оған 213 бала қатысқан. Сондай-ақ, қалалық ерікті Әсел Бимырзаеваның «Армандар орындалады» жобасына жыл ішінде 70 бала тартылып, демеушілер тарапынан олардың арман-тілектері орындалды.

x

Check Also

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ардагерлермен жүздесіп, ұсыныстарын тыңдады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңір ардагерлерімен жүздесіп, маңызды мәселелер бойынша ашық сұхбаттасты. Аймақты дамыту бағытында зиялы қауым өкілдерінің ұсыныс-пікірлері ...

Түркістан облысында 100-ден астам мектеп жаңғыртудан өткізіледі

Түркістан облысында білім, денсаулық сақтау нысандарын салу және күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен ...