Ерекше қажеттіліктері бар балғындарға арналған мереке

Бүгін Түркістан қаласында үйде қызмет алатын балалар үшін арнайы мерекелік кеш ұйымдастырылды. Думанды кеште балалар ән мен биден шашу шашып, өз өнерлерін ортаға салды. Салтанатты шараға қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков қатысып, бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарын жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

«Тағдыр сынына мойымай, алға ұмтылған періштелерімізге өмірге құштарлығы үшін, үміттері мен армандары үшін, шынайы күлкілері үшін зор құрметпен алғысымды білдіремін. Балаларға қамқорлық тек «Балалар жылымен» шектелмейді. Біз алдағы уақытта да Сіздермен талай игі шараларда бас қосатын боламыз, — деді қала әкімі.

Қазіргі таңда Түркістан қаласында денсаулығына қатысты 1316 бала тіркелген. Оның ішінде 113 балаға Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің арнайы мамандары үйде қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, қалада ерекше балаларға қамқорлық жүйелі түрде жүзеге асып келеді.

Айта кетсек, Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен бірнеше рет «Мейірімді жүрек» акциясы өтіп, оған 213 бала қатысқан. Сондай-ақ, қалалық ерікті Әсел Бимырзаеваның «Армандар орындалады» жобасына жыл ішінде 70 бала тартылып, демеушілер тарапынан олардың арман-тілектері орындалды.

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...