«1-желтоқсан – дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес» күніне орай Түркістан жоғары медицина колледжінің жалпы кәсіптік пәндер 4 ЦӘК дәрігер оқытушыларының ұйымдастыруымен «Мен АИТВ-ның алдын алуын қолдаймын» тақырыбында акция өткізілді.
Сондай-ақ акция барысында барлық колледж қызметкерлері мен студенттеріне «Облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы» мамандарының экспресс-тесттін ерікті түрде анализ тапсыруға шақырды. Акция барысында СПИД жайлы мәліметтер туралы 7 бекет болды:
І бекет –– «Облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы» мамандарынан АИТВ/ЖИТС туралы мәліметтер алу.
ІІ бекет – «Облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы» мамандарының экспресс-тест;
ІІІ бекет – Стоматологиядағы АИТВ инфекциясының жұғу жолдарын түсіндіру және алдын алу жолдарын көрсету
ІV бекет – Космитологиядағы АИТВ инфекциясының жұғу жолдарын түсіндіру және алдын алу жолдары көрсету
V бекет — «қызыл лента және ақпарат көздерімен тарату» акциясы;
VІ бекет – «Мен ЖИТС-қа қарсы күресті қолдаймын» атты суреттер байқауы;
VІІ бекет – «Біз АИТВ/ЖИТС жайлы не түсіндік?» атты викторина;
Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Мирзахмедова, Түркістан қаласы ішкі саясат бөлімі жастар ресурстық орталығынын жастар ісі бойынша маманы Сұлушаш Пернебайқызы және психолог Бибигуль Ерланқызы, Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының профилактикалық жұмыстар бөлімінің маманы Кенжегулов Марат Ануарович іс-шараны тамашалап, студенттердің көрмені таныстыруларына жоғары баға берді.
Түркістан жоғары медицина колледжі