«Дені сау ұлт» — мемлекеттік бағдарлама

«Ақзере-ТМ» емханасының қазіргі уақытта науқастарға медициналық көмек көрсетіп жатқанына биыл 5 жыл. Емханада 60 қа жуық медицина қызметкерлері жұмыс жасайды. ЖТД саны-7, Педиатр-4, мейірбикелер саны-25.

 Ең алғаш келген науқастарды тіркеу бөліміндегі қызметкер қабылдап алады, ол науқасқа қандай қызмет керек екенін сұрап дәрігерге дейінгі бөлмеге АҚҚ, ЖСС, бой және салмағын өлшейді. Науқас дәрігерге дейінгі бөлмеден шыққан соң өзінің тіркелген аймағындағы жалпы тәжірибелік дәрігеріне жолығады. Егер науқастың дене температурасы көтерілген жағдайда немесе инфекциялық аурумен ауырған жағдайда фильтрге жолдап, науқастың денсаулығымен ары қарай өз аймағының дәрігері қадағалайды. Жалпы тәжірибелік дәрігерлер сағат 9:00 ден 18:00 ге дейін өз қызметтерін атқарады. Емханамыздың өзінде таңғы 8:00 ден 10:00 ге дейін анализдың барлық түрлері алынады. Біздің емханада уақтылы екпе егу кабинеті науқастарға өз қызметін атқаруда. Д есепте тұратын науқастарға ай сайын тегін дәрілермен қамтамасыз етіп отырады. «Ақзере-Тм» емханасында науқастарды емдеуге арналған күндізгі бөлім, массаж, нугобест, реабилитация орындары ашылған.

 Біздегі бейін мамандары: Кардиолог, Офтальмолог, Уролог, Эндокринолог, Хирург, Оториноларинголог, Фтизиатр, Невропатолог, Гинеколог, Стоматолог, Педиатр мамандары емхананың өзінде белгілі уақыттарда науқастарғы көмек көрсетеді. Педиатр мамандары 6 жасқа дейінгі балаларды жеке өздері қарайды. Егер науқастарға басқа бейін мамандар қажет болған жағдайда автодоговормен қалалық емханаларға жібере алу мүмкіндігі қолға алынған. Бейін мамандарының тағайындаған диагноздарымен науқастарды Қазақстанның кез келген ауруханаларына портал арқылы стационарлық емге тіркей аламыз. Ай сайын еліміздің басқа қалалаларынан біліктілігі жоғары бейін мамандарынан тегін кеңестерін алуға мүмкіндіктері бар. Емханамызда ай сайын «Ашық есік» күні өткізіледі, бұл кезде біздің емханаға тіркелмеген науқастарда дәрігерлерден тегін кеңестер алу мүмкіндігі бар.

Жыл сайын науқастарды профилактика (аурудың алдын алу) мақсатында скринингтерден өткзіп отырамыз. Бұл аурудың өршіп кетпеуі немесе алдын алып, медициналық ем көрсету мақсатында жүргізіледі.

Емханамыздың қызметкерлері денсаулықты сақтау және басқа емханаларға үлгі болу мақсатында жыл сайын сайыстарға белсенді қатысып, жүлделі орындар алуда.

 Сонымен қатар емханамызда ЭКГ, УДЗ құрсақ қуысы, УДЗ жатыр және жатыр мойны(вагинально,абдоминально), жүректің УДЗ, қуықты УДЗ, қалқанша безін зерттеулер қолға алынған. Науқастарды қаланың инструментальды зерттеулеріне солардың ішінде: Флюорография, Рентгенография, МРТ, КТ, ЭЭГ, спирография және т.б зерттеулерге жібере аламыз.

 «Ақзере-ТМ» емханасының 2018 жылы ашылған кездегі мүмкіндіктерімен қазіргі мүмкіндіктері жоғарғы сапада. Себебі бастапқы Ақзере-Тм емханасында 3 ЖТД , Хирург, Лор, Офтальмолог және анализ, Узи ғана болса, қазіргі таңда олардың саны арта түсті. Айта кетерлік жағдай бұл халық санының өсуі, бастапқы кезінде 1500 халық болса қазіргі таңда емханамыздың жоғарғы деңгейде және сапалы қызмет көрсетуіне байланысты халық саны 15 000 ға жетті. Емханамыз алдағы уақытта науқастардың жағдайын жасап, жоғары сапада қызмет көрсету мақсатында емханамыздың өзіне тағы да басқа бейін мамандарын(маммолог, онколог, инфекционист, эпилептолог, аллерголог,) және де инструментальды зерттеулерді алып келуде.

«Ақзере-ТМ» емханасың дамуы бұл бірінше кезекте ақ халатты абзал жандардың арқасында. «Ақзере-ТМ» емханасы науқастарға жоғары сапада медициналық көмек көрсетеді, себебі әрбір науқастың денсаулығы біз үшін өте қымбат!