Балаларға күрделі оталар сәтті жасалды

Түркістан қаласындағы «Түркістан қалалық балалар ауруханасы» базасында Түркия елінен келген профессорлар Эмрах Шенел және Жан Ихсан Озторун балаларға жасалатын операциялар бойынша кеңес беріп, мастер — класс өткізді.

Шеберлік сабағы барысында жалпы асқазан-ішек жолдарының хирургиялық аурулары (мегаколон, болезнь Гиршпрунга, өңеш атрезиясы-эзофагостома, гастростома) және урологиялық (гипоспадия, гидронефроз, қуық-несепағар рефлюксы, қуық дисфункциясы) ақаулары бар 12 балалар тексеріліп, кеңес жүргізілді.

Жүргізілген кеңес нәтижесінде Түркістан қалалық балалар ауруханасында бірінші рет екі күрделі: ішектерге жасалған отадан кейінгі құрсақалды қабатының көлемді ақауына (отадан кейінгі вентральды жарығы) және туа біткен ішек өтімсіздігінен кейінгі ішек жыланкөзіне ота жасалынды.

Бүгінгі таңда науқастардың отадан кейінгі жағдайлары жақсы. Алдағы уақытта түрік мамандарымен әрі қарай бірлесе отырып жұмыс істеу жоспарлануда.

x

Check Also

Арыс қаласында жаңа «Келешек мектебі» ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын ...

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...