Ауылдарда 700 жаңа медицина нысаны салынады — Xnews — ақпарат агенттігі

Ауылдарда 700 жаңа медицина нысаны салынады

Ауылдың денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту үшін 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді.

«Сондай-ақ ауылдағы әлеуметтік салада өзгерістер болады. Ауылдың денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту үшін арнайы жоба қолға алынады. Шамамен 700 жаңа медицина нысаны салынады. Көп салалы 32 аудандық ауруханада жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Осының бәріне 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент аймақтарда инфрақұрылымға қатысты мәселелер көп екеніне тоқталды.

«Тұрғын үй тапшылығы, жылу, энергия және су желілерінің ескіргені, жолдардың тозып тұрғаны баршаға мәлім. Бүгінгі басқосуға облыс әкімдері қатысып отыр. Жаңадан тағайындалған басшылар да бар. Сіздерге сенім артамыз. Әр аймақты тұрмыс сапасы жоғары «қуатты өңірге» айналдыру үшін зор мүмкіндік беріліп отыр. Табанды жұмыс істеу қажет», — деді Мемлекет басшысы.

x

Check Also

Шымкентте оқушылардың денсаулығын қорғауға басымдық берілуде

Жаңа оқу жылы қарсаңында Шымкент қаласындағы білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар күшейтілді. Мамандардың айтуынша, ...

Президент Жолдауын жүзеге асыру: құны $78,6 млрд болатын 215 жоба Қазақстанның жаңа инвестициялық циклін қалыптастыруда

Қазақстанда тартылатын капитал көлемін ұлғайтуға ғана емес, оның құрылымын өзгертуге де бағдарланған жаңа инвестициялық цикл қалыптасуда. Басымдық өңдеу өнеркәсібіне, терең ...