УАЙЫМ-ҚАЙҒЫДАН АРЫЛУДЫҢ ЖОЛДАРЫН БІЛЕСІЗ БЕ?

УАЙЫМ-ҚАЙҒЫДАН АРЫЛУДЫҢ ЖОЛДАРЫН БІЛЕСІЗ БЕ?

  • Кей адамдардың табиғаты тұрақты уайым-қайғыға бейім болады.
    Ондай адамдардың болмысы күнделікті қуанышты сәттерден ләззат алуға кедергі келтіреді. Өйткені, ондай жандар мінезі жұмсақ, көңілшең әрі эмоционалды болып келеді.Даниялық психотерапевт-жазушы Илсе Санд бұндай адамдардың мінезіндегі себепсіз көңілсіздіктің физикасына әсер ететінін айтады.

    Өз кезегінде, психотерапевт мінезі жұмсақ жандар үшін бірнеше психологиялық жаттығуларды зерттеп жазып, кітап жазған болатын.
    Бұл бағытта Илсе Сандтың әлемге танымал сегіз кітабы жарық көрді.

    Бұл кітаптарда қоғамда болып жатқан оқиғалардан қатты әсер алатын адамдар үшін пайдалы психологиялық кеңестер жазылған.

    ЖАҒЫМДЫ ЛӘЗЗАТ АЛУДЫ КӨБЕЙТІҢІЗ

    Илсе Санд, пессимист, интроверт, холерик азаматтарға шамадан тыс ақпарат көздерімен жұмыс жасауды азайтуға кеңес береді. Жазушы «Бақыт дистанциясы» кітабында ғаламтордан алынатын ақпараттардың тым көптігі адам жүйке жүйесінің өзіндік ойлауын, өзімен кеңесуін азайтататынын айтады. Бұл адамның өміріне қатысты міндеттерде шешім қабылдауда теріс әсер етуі мүмкін.

    ДИСТАНЦИЯ САҚТАУҒА ТЫРЫСЫҢЫЗ

    Психотерапевт-жазушы, қандай да бір келіспеушілікте барынша бейтараптық позаны ұстануға тырысу керектігін. Ондай жағдайларда теріс пікір немесе келіспеушілік, ашу-ыза сынды эмоциялар жұмсақ мінезді жандарға жұғымды болатынын айтады. Мұндай жандардың психикасына қарсыдағы адамның теріс әрекеттері қатты әсер етіп, денсаулығына зиян келтіреді.

    ЭМОЦИЯЛАРЫҢЫЗҒА АНАЛИЗ ЖАСАҢЫЗ

    Сезімдерді басқару көпшілігі үшін оңайға соқпайды.
    Илсе Санд бұл бойынша, «Көбіне біз үшін эмоциялар жиналып қалған кезде, барлығын басқарып отыру қиын болады. Егер бойыңызда ашу мен ыза, реніш сақталып, шегарасынан шығуға дайын тұрса барынша ұстамды болуға тырысу керек. Үш қадам артқа қайтып, өзіңізді сырт көзбен бақылаңыз. Сонда өз әрекетіңізді бақылауда ұстай аласыз.»

  • ҚОРҚЫНЫШЫҢЫЗБЕН ТАНЫСЫҢЫЗ
    Адам қорқады, бірақ қорыққаннан адам өлмейді (жүрек ауырулары бар адамдарды есептемегенде)
    Илсе Санд, недеген қатты қорқатыныңызды танып алсаңыз, сол күйді кешкен сәтте адамға қатты әсер болмайтындығын және физикалық толқудың азаятынын айтады.
    Мәселен, көпшілік алдында сөйлеуде қатты қорқатын, қатты толқитын адамдар алдын ала көпшілік алдына шығарда дайындалып, жаттықса эмоцияларын басқара алады. Толық сөйлеп, толқу жиілігі төмендейді. Онымен қоса адам осыны жиі қайталаса қорқынышын жеңіп, өзіне сенім артады.
  • ЭМОЦИЯДАН ҚАШЫП, ҰЙЫҚТАУҒА ТЕЗ КІРІСПЕҢІЗ
    Кей адамдар уайым-қайғы күйінде барынша ұмытып, жоққа шығаруға тырысады.
    Жазушы-психотерапевт Илсе Санд кез-келген қатты психологиялық әсер алған жағдайда жағдаятты ұмытудың орнына, басқа нәрсеге көңіл бөлуге кеңес береді. ӨЙткені,адам шешілмеген мәселені ешқашан ұмыта алмады. Ұмыттым дегенімен, оның ойы шешілмеген мәселесінде тұрады. Сол үшін мұндай уақыттарда барынша сабыр сақтап, көңілді басқа істермен алдандырған жөн. Адам физикалық белсенділікте болып, жаңа дүниелерді үйренсе, ағзада жағымды гормондар бөлініп, көңіл күйдің көтерілуіне оң әсер етеді.