ТҮРКІСТАНДЫҚ ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ — Xnews — ақпарат агенттігі

ТҮРКІСТАНДЫҚ ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Шымкент каласында волейболдан 2008-2009 жылы туылған ұлдар арасында ҚР-ның чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне республикамыздың барлық аймағынан іріктелген командалар қатысып, өзара жеңімпаздарды анықтады.
Тартысты өрбіген ала доп аламанында Түркістан облысының волейболшылары ақтық сында «Астана» командасымен кездесіп, жеңіске жетті. Осылайша, республикалық чемпионатта екінші орынды елордалық волейболшылар еншілесе, үшінші орынға Жетісу облысының командасы иелік етті.
Айта кетейік, ел чемпионатында топ жарған Түркістан облысының командасы – облыстық №2 Олимпиада резервін дайындайтын мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері. Спортшылар бұған дейін облыстық жарыстарда жүлдегер атанып жүрген сайыпқырандар.
x

Check Also

Ұлттық рухтың айбыны: Шымкентте «Шымкент барысы – 2026» турнирі өтті

Қазақ күресі халқымыздың сан ғасырлық тарихымен бірге жасасып келе жатқан бекзат өнер. Бұл тек күш сынасу ғана емес, ерлік пен ...

Стадион-рекордсмен в Шымкенте вместит 55 тысяч зрителей? Ответ акимата

В социальных сетях появилась информация о том, что в Шымкенте приняли решение увеличить вместимость нового стадиона с 35 до 55 ...