ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАРҒА БІЛІМ БЕРУ, ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК БОЙЫНША КЕҢЕС БЕРІЛДІ

Түркістан қаласы әкімдігінде қала жастарына сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқуға түсуге немесе сол мамандықтарды игеруге жастардың қызығушылығы, шетелдік университеттерге грантқа оқуға түсу мүмкіншіліктері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ кездесуде ғылыми-ағартушылық жұмыстарға бет бұрған жастардың мәселесі де шет қалған жоқ.
Жиынға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысының орынбасары Ерназар Баетов, бірқатар басқармалардың өкілдері, қоғамдық даму басқармасының Жастар ресурстық орталығы КММ-нің басшысы Ерасыл Төлебаев, аудан, қалалық әкімдігіне қарасты ішкі саясат бөлімінің басшылары мен мамандары, колледждердің, аудан, қалалық жастардың қатысты.
Кездесуде модераторлық еткен Ерназар Көпжасарұлы жиынның негізгі мақсатына тоқталып, аудан, қалаларда жастарға білім беру, жұмысқа орналасу және кәсіпкерлік мәселелері бойынша ақпарат және кеңес беру жұмыстары жалғаcатындығын жеткізді.
Бұдан бөлек, жиында жастар арасында кәсіпкерлікпен айналысу үшін мемлекет тарапынан қолдаулар, мектепті бітіруші түлектерге профорентациялық кеңес беру жұмыстарының деңгейі, жоғары оқу орнын бітірген жастар өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуы және жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтудың мәселелердің шешілу жолдары талқыланып, жастардың ұсыныс-пікірлері назарға алынды.
Сонымен қатар, жастар арасында дін саласын дұрыс түсінбегендіктен басқа ағымның жетегінде кетпеу мақсатында діни сауаттылықты арттыруға көбірек көңіл бөлу, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және құқықтық кеңестер беру мәселесі қозғалды.
Нәтижесінде модератор Ерназар Көпжасарұлы Түркістан облысы әкімінің орынбасары С.Қалқамановтың бекіткен жұмысшы топ құрамының кестесіне сәйкес облысқа қарасты барлық аудан, қалаларда жастарға білім беру, жұмысқа орналасу және кәсіпкерлік мәселелері бойынша ақпарат және консультация беру жұмыстары 21 қарашаға дейін жалғаcатынын атап өтті. Сондай-ақ жастардың осы бағыттағы көкейлерінде жүрген сұрақтарына тиісті заң шеңберінде кеңестер беріліп, тұрақты түрде жұмыстар атқарылатындығын жеткізді.
Айта кетсек, аталған кездесулер Түркістан қаласында басталып, Арыс, Шардара аудандарында жалғасып жатыр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
x

Check Also

Түркістан: Базардағы кітапханаға 10 мыңдай оқырман келген

Түркістан облысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен вице-министрлер жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында «Базардағы кітапхана» жобасы шеңберінде «Қуаныш» сауда орталығында ...

Түркістан: «Бабалар дәстүрі – тәрбиенің бастауы» атты облыстық байқау өтті

Түркістанда «Бабалар дәстүрі – тәрбиенің бастауы» атты байқауы өтті. Шараның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, ұлттық құндылықтарды ...