Түркістанда суға жүзуден республикалық бәйге басталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда суға жүзуден республикалық бәйге басталды

Кеше Түркістандағы орталық су спорт кешенінде Түркістан қаласының құрметті азаматы Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаевты еске алуға арналған суға жүзуден республикалық турнир басталды.

Шарада Леңгір, Шаян, Сарыағаш аудандары, Кентау, Түркістан, Шымкент қалалары, сонымен бірге, Қызылорда, Тараз қаласынан 150 спортшы бақ сынасуда.

Бәсекенің ашылу салтанатында алғы сөз алған Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Байдулла Жұмадуллаұлы спортшыларға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді. Одан бөлек, Түркістан қалалық мәслихатының депутаты, кешен директоры Ғалымжан Батырханұлы және облыстық «Дене шынықтыру және спорт басқармасы» басшысының орынбасары Айдос Қалтаев жарыстың жастар арасындағы спортты дамытудағы маңызын жеткізді.

Түркістан облыстық су спорты кешенінде өтіп жатқан сайыста қатысушылар жүзудің еркін, шалқалай, брасс әдісі, батрфляин әдісі, кешенді жүзу бойынша сынға түсуде.

12 мен 14 жас аралығындағы спортшылар бақталасып жатқан жарыста облыстың намысын жерлестеріміз Айша Хайдарова, Балауса Рахматулла, Ардақ Қожахмет, Арзу Рахимжанова сынды өрендер қорғауда.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...