Түркістанда ересектер арасында 9 спорт түрінен қысқы қала біріншілігі басталды

«Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде өтіп жатқан шарада 8 команда бақ сынасуда.
 
Қатысушылар шахмат, тоғызқұмалақ, волейбол, баскетбол, футбол, үстел теннисі, гір тасын көтеру, қол күрес пен асық атудан жүлделі орындарды сарапқа салмақ.
 
Тұрғындар арасындағы спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған бәйгенің ашылуында «Amanat» партиясы Түркістан қалалық филиалының атқарушы хатшысы, Түркістан қаласының маслихаты депутаты Ғаппар Амантайұлы және Түркістан қаласы әкімдігінің «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің» басшысы Сәкен Абжаппар сөз алып, спортшыларға сәттілік тіледі.
 
Айта кетейік, дода кестесіне сәйкес  
30 қараша сағат 18:00-де үстел теннисі
7 желтоқсан сағат 18:00-де баскетбол
14-ші желтоқсан сағат 18:00-де гір тасын көтеру мен қол күрестен
21-ші желтоқсан сағат 18:00-де футболдан ойындар өтеді.
x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...