ТҮРКІСТАН: ТҰҚЫМБАҚТАРДАҒЫ КӨШЕТТЕР САНЫ 50 МЛН-ҒА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

Ормандарды сақтау және кеңейту бағытында Кешенді жоспарға сәйкес 5 жылда 110 мың гектар жерге 170 миллионнан аса ағаш көшеттерін егу жоспарланған. Жоспар сәйкес, 2021 жылы 14 619,4 га жерге 18,707 млн. ағаш көшеттері отырығызылса, 2022 жылы 16 940 га жерге 22 млн. ағаш-көшеттерін отырғызу жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылуда.
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда Түркістан қаласының айналасынан құрылған «Жасыл белдеудің» жоспарланған 29 511 гектар жер көлемінің 13 629 гектары орындалды. Орман мекемелерінің тұқымбақтарында 30 млн. көшеттері өсірілуде. Алдағы уақытта көшет санын 50-60 миллионға жеткізу жоспарланған. Сонымен бірге Түркістан – Шәуілдір тас жолының екі жағына 50 шақырым жерді Жетікөл аумағымен біріктіре отырып, анықталған 4000 гектарға жасыл екпе егу жоспарлануда.
x

Check Also

Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заң арқылы жасанды интеллект жүйелері қызметінің негізгі қағидаттары енгізілді. Жасанды интеллект жүйелері ақпараттандыру нысаны ретінде анықталды. Енді жасанды интеллект адамның ...

Аграрлық сектордың жаңа бағыты: Қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция және экспорт

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумында агроөнеркәсіп кешенін кешенді жаңғыртудың жаңа кезеңін таныстырып, саланы қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция тарту ...