6912 ТҰРҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ
Жыл басынан бері жұмыспен қамту шараларымен 6912 тұрғын қамтылған.
Қоғамдық жұмыс орындарына — 843 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына — 125 азамат , жастар практикасы бойынша — 501 тұрғын жұмысқа жолданды. Тұрақты жұмыс орындарына — 3271 азамат, алғашқы жұмыс орнына — 35 тұрғын орналасты.
Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік қайтарымсыз грант — 190 тұрғынға тағайындалды.
Қазіргі таңда жұмыспен қамтудың шаралары бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.