ТҮРКІСТАН: ПАРТИЯЛЫҚ ЕМЕС БАЙҚАУ ОРТАЛЫҒЫ 1800-ГЕ ЖУЫҚ БАЙҚАУШЫНЫ ДАЯРЛАДЫ

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Партиялық емес байқау орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы филиалының басшысы Бақытжан Әшірбаев айтты.
– «Партиялық емес байқау орталығы» РҚБ-ның Түркістан облысы филиалы сайлау үдерісіне қоғамдық байқау жүргізу мақсатында құрылды. Бұл — әділ, ашық сайлауға мүдделі Қазақстан азаматтарының тәуелсіз ерікті бірлестігі. Құрамына қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жастар, сарапшылар, азаматтық белсенділер кіреді. Сайлауға мониторинг жүргізу бойынша қыркүйек айының 14 жұлдызынан бастап 40-тан астам іс-шара өткіздік. Өңірдегі 17 аудан, қаладағы байқаушылармен 25 оқыту семинар-тренингі, бірінші сайлауға қатысатын жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша 5 және өңіріміздің зиялы қауым өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдарымен 6 кездесу өтті. Сондай-ақ, байқаушыларға арналған тренингтер, аймақтық сайлау комиссиялары жұмыстарымен танысу бағытында 6 шара өтті, — деді Бақытжан Шәкірұлы.
Спикердің сөзінше, сайлау уақытында ақпараттарды тиімді басқару және қағазбастылықты азайту мақсатында арнайы байқаушы блокноттары барлық байқаушыларға үлестірілген.
«Партиялық емес байқау орталығы» РҚБ-ның Түркістан облыстық филиалы 20 қараша күні өңірдегі 893 сайлау учаскесінде байқау жұмысын ұйымдастырады. Өкілдікте 17 координатор және әр сайлау учаскесінде екі азаматтан жалпы 1786 байқаушы бар. Бұл ретте, 90 мобильді байқаушы, заңгер және әлеуметтік желілерде сараптама жүргізетін еріктілер арқылы жұмыстар атқарады.
– Біз, азаматтық қоғам өкілдері демократияны дамытуды, қоғамның мемлекетті басқарудағы мүмкіндіктерін кеңейтуді жақтаймыз. Алдағы сайлау — әрбір қазақстандық үшін маңызды оқиға. Ол елiмiздiң көшбасшысына қатысты халықтың таңдауын анықтайды. Бiздiң басты мақсатымыз — бүкіл сайлау процесінің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз ету, дауыс берудің ашықтығы мен жариялығының мүлтіксіз сақталуына атсалысу, — деді Б.Әшірбаев.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
x

Check Also

Түркістан: Базардағы кітапханаға 10 мыңдай оқырман келген

Түркістан облысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен вице-министрлер жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында «Базардағы кітапхана» жобасы шеңберінде «Қуаныш» сауда орталығында ...

Түркістан: «Бабалар дәстүрі – тәрбиенің бастауы» атты облыстық байқау өтті

Түркістанда «Бабалар дәстүрі – тәрбиенің бастауы» атты байқауы өтті. Шараның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, ұлттық құндылықтарды ...