ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Түркістан облысында инвестиция тарту жұмыстары күшейтіледі. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында өңірдегі индустриалдық және арнайы экономикалық аймақтарға инвестиция тарту жұмыстары талқыланды. Сонымен бірге индустриалдық және арнайы экономикалық аймақтарды инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету шаралары және тарифтеріне қатысты түйткілдер де тарқатылдлы. Өңір басшысы бұл саланың маңызды екенін тоқталып, инвестиция тарту ісін жандандыруды тапсырды.
– Жалпы бірінші кезекте индустриалды аймақтардың жер мәселесі және оған қажетті инфрақұрылым бойынша бөлек-бөлек Жол карталарын әзірлеуіміз керек. Кәсіпкерлер мен инвесторлар біздің өңірде электр тарифі арзан емес екенін айтады. Инвесторлармен дұрыс жұмыс істеу қажет. Осыған байланысты тиісті басқармалар мен мекемелерден, басшылардан нақты ұсыныстар күтемін. Аудан, қала әкімдерінің негізгі индикаторларының бірі – инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу. Осы бағытта жұмысты жандандырыңыздар. Индустриалды аймақтар мен арнайы экономикалық аймақтар кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етуі тиіс, – деген Дархан Сатыбалды индустриалды аймақтарды дамыту, жұмыс орындарын ашу мәселелері тұрақты түрде күн тәртібінде тұратынын айтты.
Сонымен бірге ірі компаниялар мен инвесторларға қолайлы жағдай жасап, Түркістан облысына шақыру керектігін жеткізді. Мәжілісте Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Облыстық инвестиция және экспорт басқармасы, Облыстық құрылыс басқармасы мен Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің және «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС басшылары мен өкілдерінің пікірлері тыңдалды.
Өңір басшысы электр қуатына қатысты тарифті төмендету және реттеу жөнінде жауапты мекемелермен бірлесе жұмыс істеп, тиімді шешім шығаруды тапсырды. Сондай-ақ индустриалды аймақтарда жұмысты жандандыру, жаңа кәсіпорындарды ашу ісін күшейту жөнінде тапсырма берді. Индустриалды аймақтарды басқаратын компанияларды оңтайландырып, нақты нәтижеге жету жолында жұмыс істеуді жүктеді.
Түркістан облысында 9 индустриалды аймақ бар. Олар Мақтаарал, Шардара, Созақ, Қазығұрт, Түлкібас, Бәйдібек, Ордабасы аудандары мен Түркістан және Кентау қаласында орналасқан. Индустриалды аймақтарда құны 24,054 млрд. теңге болатын және 2614 жұмыс орнын құрайтын 56 жоба орналасқан. Оның ішінде құны 15,542 млрд. теңге болатын және 2087 жұмыс орнын құрайтын 40 жоба іске қосылып, жұмыс атқаруда. Биыл 266 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 7 жобаны іске қосу межеленген.
Өңірде «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеп тұр. Қазіргі таңда 365 гектар өнеркәсіптік аймағының инфрақұрылым жүйелерінің І және ІІІ кезеңдерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мұнда бірнеше жоба жүзеге асыру бойынша нақты келісімдер бар. Алдағы уақытта арнайы экономикалық аймаққа ірі инвесторларды тарту көзделіп отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
x

Check Also

Сарыағаш медресе-колледжіне «кітапты сыйға тарту» акциясы аясында 300-ден астам кітап сыйға тартылды

Түркістан облысындағы Сарыағаш медресе-колледжінде «Кітапты сыйға тарту» акциясы өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған іс-шараға Сарыағаш ауданы ...

Жетісайда «Тарихыңды таны – тұлғаңды құрметте» акциясы өтті

Жетісай ауданына қарасты Қарақай ауылдық округі, Сәтпаев ауылдық мәдениет үйі кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Тарихыңды таны – тұлғаңды құрметте» атты облыстық акциясы ...