ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ КӨРСЕТКІШТЕР ЖАҚСАРҒАН — Xnews — ақпарат агенттігі

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ КӨРСЕТКІШТЕР ЖАҚСАРҒАН

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сабитовтың қатысуымен облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті. Денсаулық сақтау саласындағы негізгі нәтижелер туралы Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов баяндады.
Кеңейтілген алқа отырысында Түркістан облысының санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті қызметтерінің атқарған жұмыстары да тындалды.
Жиналыста халықтың денсаулығын нығайту, өмір сүру ұзақтығын ұлғайту, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламалар индикаторларының орындалу барысы, инфекциялық аурулардың алдын алу, өлім-жітімді азайту мәселелері қаралды.
Ауылдық жерлерде және шалғай елді-мекендерде тұратын халыққа консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсету үшін барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған 13 жылжымалы медициналық кешен арқылы дәрігерлік көмек көрсетілуде.
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 14 шілдедегі ҚР Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы әзірленіп бекітілді. Ұлттық жобаға сәйкес, Түркістан облысы бойынша ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғыртуға 49 нысан салу ұсынылып, қолдау тапты. Одан бөлек, 2023 жылға жоспарланған 4 аудандық аурухананы (Сайрам, Ордабасы, Сарыағаш, Жетісай) қайта көпбейінді ауданаралық аурухана етіп қайта құру үшін денсаулық сақтау желісіне өзгерістер енгізілуде. Сондай-ақ Сарығаш ауданында ІІІ деңгейлі босандыру қызметін ұйымдастыру мақсатында 240 төсек-орынға арналған перинаталдық орталық үшін ЖСҚ әзірленуде.
Алқа отырысы соңында облыс әкімінің орынбасары Арман Сабитов басқарманың қызметіне оң баға беріп, денсаулық сақтау бағытындағы жұмыстарды одан әрі күшейтуді тапсырды.
x

Check Also

Түркістан облысында маңызды жобаларды жүзеге асыру бойынша инвесторлармен келіссөздер жүргізілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қытай Халық Республикасынан келген инвесторлармен кездесті. Кездесуде облыста жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, әріптестікті нығайту ...

Объявление. Антитеррористические учения пройдут в Шымкенте

5-6 декабря 2025 года в городе Шымкент пройдет антитеррористическое учение. В ходе учения будут отработаны вопросы оперативного реагирования на различные ...