Түркістан дәрігерлері Ұлыбритания мен Ресей профессорларынан тәжірибе алды

Тәжірибе алмасу ғылыми медицинаның дамуына үлкен үлес қосып келеді.

Шетелдік дәрігерлер 8 қарашада Түркістан қаласында болып, дәрігерлік қабылдау өткізген. Ресейлік дәрігер-генетик, невролог, нейрофизиолог, м.ғ.к Сергей Курбатов пен ұлыбританиялық невролог, нейрогенетик, профессор Генри Холден жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды қарап, оларға дәрігерлік кеңестерін берген. Сондай-ақ, қабылдаудан соң, Түркістан облысы мен қаласының дәрігерлерімен кездесіп, өзара тәжірибе алмасты.

Дәрігерлер 9 қарашада Шымкенттегі Түркістан облыстық ауруханасының базасында бас қосып, жергілікті дәрігерлерге шеберлік сабақтарын өтті. Сонымен қатар, дәрігерлер диагнозы қиын науқастармен кездесіп, әр клиникалық жағдайды жеке қарастырды. Жалпы 50-ге жуық науқас қаралды. Пациенттер қозғалыс бұзылыстары, нейробұлшықет патологиясы диагноздарымен келген.

x

Check Also

Арыс қаласында жаңа «Келешек мектебі» ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын ...

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...