ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС АЙМАҚТАРҒА АПАРАР ЖОЛДАР ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗІЛДІ — Xnews — ақпарат агенттігі

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС АЙМАҚТАРҒА АПАРАР ЖОЛДАР ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗІЛДІ

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы облыстық маңызы бар жолдардың жөндеу жұмыстарын негізгі 3 бағытта іске асыруда. Мәселен, Төлеби ауданындағы жалпы ұзындығы 18 шақырымды құрайтын туристік бағыттағы 3 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, облыстық маңызы бар КХ-31 «Қасқасу қысқы демалыс аймағы» автомобиль жолының 10,2 шқ және КХ-170 «Біркөлік санаториясына кірме жол» автомобиль жолының 6,2 шақырымы жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді.
Бекітілген сметалық кұжаттамаға сәйкес, ескірген асфальт жабыны толығымен жаңартылып, аяқ жолдар салынды. Сондай-ақ, таулы аймақтарда көліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында темір дөңгелекқағарлар және елді мекендерге диодты жарықтандыру шамдары орнатылды.
Бұдан бөлек, жол таңбалары сызылып, тиісті жол белгілерімен қамтылды. Таулы аймақта жауын-шашын кезінде асфальт жабындысын су шаюдан сақтау мақсатында 14 жерде су өткізгіш құбырлар ауыстырылып, суағарлар орнатылды. Айта кетейік, бұған дейін облыстық маңызы бар КХ-93 «Кеңесарық-Қасқасу — Майбұлақ» (1,6 шқ) автомобиль жолы жөндеуден өтіп, пайдалануға берілген болатын.
x

Check Also

Президент Жолдауын жүзеге асыру: екі жылда туризмге салынған инвестиция 2,2 трлн теңгеден асты

Туризмді дамыту және оның ұлттық экономикадағы рөлін нығайту сапалы жаңа кезеңге өтіп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: ...

“Казахстан может догнать Европу“: тренер сборной высказался о стадионах

Новый главный тренер сборной Казахстана по футболу Джон ван ’т Шкип из Нидерландов оценил инфраструктуру в стране, передаёт Tengri Sport ...