ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ КУБОГІ САРАПҚА САЛЫНДЫ

Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта мектебінде балалар жылы аясында тоғызқұмалақтан федерация кубогін сарапқа салған Түркістан облысының ашық біріншілігі басталды.
Мыңдаған жылдық тарихы бар, қазіргі уақытта әлемге әйгілі зияткерлік ойындардың ішінде ерекше маңызға ие, ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымыздың бірі тоғызқұмалақ ойыны бүгінде елімізде қарқынды дамып келеді. Осы орайда тоғызқұмалақтың рапид түрінен басталған додаға Түркістан облысынан 10 команда, көршілес Қырғыз елінен 3 команда және республикамыздан Алматы облысы, Жетісу облысы, Қарағанды, Орал, Қызылорда, Шымкент қаласынан жалпы 204 спортшы Түркістан облысы тоғызқұмалақ федерациясының кубогін иелену үшін, жарыс жолына шықты.
Айтулы сайыста 2007-2013 жылы туылған өрендер бағын сынайды.
Жалауы түрілген тоғызқұмалақ бәсекесінің ашылу салтанаты жоғары дәрежеде өтті. Іс-шараға арнайы қатысқан Түлкібас ауданы әкімі Нұрлан Байғұт пен Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев жарысқа қатысушы спортшыларды құттықтап, осындай ұлттық өнерімізді жанына серік еткен жастар алдағы уақытта да Ел намысын әлемдік ареналарда жоғары дәрежеде қорғайды деп, сенім білдірді.Сонымен қатар, Түркістан облысының тоғызқұмалақ федерациясының президенті Нұрғали Мылтықбаев ұлтты ойынымызды жандандыруда бар жағыдайды жасауға атсалысатынын жеткізді.
Тоғызқұмалақтан облыстың аға жаттықтырушысы Кәмилә Көпбаеваның айтуынша жарыстың негізгі мақтасы ауыл жастары арасында ұлттық спортымызды кеңінен насихаттап, облыс құрамасын анықтап, алдағы ірі додаларға дайындау. Сайыстың жеңімпаздары 5-ші қарашада белгілі болады.
x

Check Also

Намыстың найзасын ұстаған журналистің үш ерлігі

2025 жылдың 24 қазанында Шымкенттегі Әл-Фараби кітапханасы бақ қараған Бақтияр Тайжанның сөзі мен сыры үйлескен кереметтей шығармашылық кешін өткіземін деп ...

Көркем гимнастикадан «Шымкент қаласы әкімінің кубогы» халықаралық турнирі басталды

Бүгін Шымкент қаласындағы көркем гимнастика спорт кешенінде көпшілік асыға күткен «Шымкент қаласы Әкімінің Кубогы» халықаралық турнирі өз жалауын көтерді. Әсемдік ...