Таза ауа – денсаулық кепілі — Xnews — ақпарат агенттігі

Таза ауа – денсаулық кепілі

«Отбасыңмен он тал ек» эко-акциясы жалғасын тапты. Түркістандықтар жасыл желектің жайқалуына отбасымен үлес қосуда. Бүгін қалада тұрғындар сенбілікке шығып, ағаш отырғызды.

Науқанға қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков және де ардагерлер кеңесінің мүшелері де қатысты.

Ұрпақтар сабақтастығын нығайту, қоршаған ортаны қорғауда ұжымдық жауапкершілік қалыптастыру, тұрғындарды ағаш егуге жұмылдыру арқылы табиғатты қорғауға ынталандыру, жас ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға түркістандық тұрғындар белсенділікпен атсалысуда.

Эко-акция аясында «Яссы», «Отырар», 1,2 мөлтек аудандарында, «Денсаулық» саябағында, Кентау тас жолында және балабақша, мектеп аулаларында 57732 түп қарағаш, үйеңкі, тұя, өрік, қарағай көшеттері отырғызылды.

Еске сала кетейік, шаһарды көркейту және көгалдандыру бағытында ұйымдастырылған акция 25 қарашаға дейін жалғасады.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...