СҮТ БЕЗІ ҚАТЕРЛІ ІСІГІНЕ ҚАРСЫ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Түркістан қалалық емханасында Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу мақсатында онколог, маммолог және хирург дәрігерлерінің қатысуымен АШЫҚ ЕСІК КҮНІ өтті. Ашық есік күнінде сүт безі Ультрадыбыстық зерттеуі (УЗИ) түсіріліп, мамандар кеңестерін берді. Дәрігерлер 80-нен астамс тұрғынды қарап, тексеру жүргізді. Жалпы Кентау қалалық емханасында бұндай ашық есік күндері әр тоқсан сайын ұйымдастырылып отырады. Негізгі мақсаты – ауруларды ерте диагностикалап, асқынулардың алдын алу болып табылады.
Сүт безінің қатерлі ісігі дегеніміз не?
Сүт безінің қатерлі ісігі – бір бірінен ағымы және ісікке қарсы әсерге сезімталдығы бойынша ерекшеленетін әр түрі бар қатерлі ісік. Ісіктің түріне байланысты ем таңдалады. Қазақстанда орта есеппен қатерлі ісікпен 3500-ге жуық әйел анықталады. Олардың 1400-і өкінішке орай қайтыс болады. Бұл 45%-ға жуық болып есептеледі. Бүгінгі таңда 5 жылдық өміршеңдік 54% құрайды. Аурушаңдықтың үдеу шыңы 58-61 жастағы әйелдерге келеді. Алайда қатерлі ісік барлық жас топтарында анықталады. Соңғы кезде сүт безі қатерлі ісігінің жасаруы байқалуда, тіпті 40 жасқа дейін де анықталады.
Сүт безі қатерлі ісігі кезінде тағы қандай белгілер байқалуы мүмкін??
Егер сіз:
— бір сүт безі екіншісінен визуальды ерекшеленетінін;
— сүт безінде қызарудың пайда болғанын;
— емшек ұшы өзгергенін, оның қатты, ісіп немесе тартылып қалғанын;
— емшек ұшынан қан кеткенін;
— сүт безі терісінде шұңқырдың пайда болғанын анықтасаңыз, дереу маммологқа қаралуыңыз қажет.
— Сүт безі қатерлі ісігі әдетте қай жерде орналасады?
— Сүт безінің кез келген бөлігінде болуы мүмкін. Тіпті сүт безінен тыс жерлерде, мысалы, қолтық асты немесе сүт безінен жоғары қабырға арасында орналасуы мүмкін. Скрининг кезінде сүт безінен тыс орналасқан осындай ісікті көрмей қалу әбден мүмкін. Себебі ол сурет аймағына кірмей қалады. Сондықтан маммологқа жылына 1 рет бару керектігін тағы да айтқым келеді. Өйткені дәрігер сүт безін, одан тыс аймақты сипап, ісікті анықтай алуы мүмкін.
x

Check Also

В Шымкенте недоношенному новорожденному провели две сложные операции

Врачи Шымкентского городского перинатального центра успешно провели одновременно две сложные операции недоношенному новорожденному. Малыш появился на свет на 31-й неделе ...

Шымкентте шала туған нәрестеге күрделі екі ота жасалды

Шымкент қалалық перинаталды орталығының дәрігерлері шала туған нәрестеге бір уақытта күрделі екі ота жасады. Шақалақ 31 апталық мерзімде 2350 грамм ...