Құранда айтылған жеміс – құрма жайында не білу керек? — Xnews — ақпарат агенттігі

Құранда айтылған жеміс – құрма жайында не білу керек?

Құрма – 75% — 80% қанттан тұрса да салмақ қоспайтын, 24 биіктікке дейін өсетін палма ағашының жемісі. Ол көбіне Сауд Арабиясы, Ирак, Алжир, Мысыр, Судан мемлекеттерінде өседі.

Ескі жапырақтарының түбімен бүртіктеліп, өріліп өсетін құрма ағашы – аталық және аналық болып бөлінеді. Ағашының жапырақтары 5 метрге дейін созылады. Шамамен әрбірі 150 жылдай уақыт өмір сүретін құрма ағашынан 40-80 келіге дейін жеміс алуға болады.
Құрма жайында Қасиетті Құранның Мәриям сүресінің 23-26 аяттарында айтылған. Одан бөлек, Әнғам сүресінің 99 аятында да құранның пайдасы туралы жеткізілген.

Құрма — протеин, май, көмір суға бай. Жас құрма теріге оң ықпал етеді, жүктілік пен күнге күюден түскен дақтарды кетіретін қасиетке ие.

Оның құрамындағы темір қан аздыққа пайдалы. B1, B2 дәрумендерінің қатар кездесуі бауырды сауықтырады, тамақ ауруына, жөтелге ем ретінде де қолдануға болады. Сонымен қатар, қатерлі ісіктен (рак) сақтайды, жүрек қан тамырларының дұрыс жұмыс жасауына көмектеседі. Құрамында фосфор мен калцийдің молдығы сүйек ауруларынан қорғайды. Жүйке жүйесінің шаршауын басып,мидың жұмыс істеу қабілетін күшейтеді. Және де ас қорытуға пайдалы болғанымен қоса құрамындағы қант тойымдылық қасиетін береді.
Айта кететіні, құрма жүкті әйелдің жеңіл босануына септігін тигізеді. Босанған әйелдердің әлсіреген денесіне күш беріп, сергектігін арттырады. Сүт гормондарын қозғау арқылы нәрестеге сүт көп шығуына оң ықпал жасайды.
Құран Кәрімде жүкті Мәриямға құрма жеуге бұйрық берілуінің астарындағы хикмет осы болса керек.

Құрамындағы қант мөлшерінің көптігі ораза ұстаған адамның күні бойғы денесінің әлсірегенін қалпына келтіретінін айтқан ғалымдар құрманы жай уақытта да жиі жеп жүруге кеңес беруде.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарауға шақырды

Сонымен қатар Қауіпсіздік Кеңесі тұрақты мүшелерінің ұстанымын Ұйымдағы дағдарыстың басты себептерінің бірі ретінде атады – Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау туралы ...

Президент бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерге тоқталды

– Жаһандық көшбасшылар, әлемнің әр қиырындағы жекелеген мемлекеттердің жетекшілері, ең алдымен, халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауы қажет деп ...