«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалы тұтынушыларының назарына !!!

Желіде «атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін алушының жеке шотына «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тарапынан 50 000 теңге көлемінде толықтыру есептелетіні» туралы жалған ақпарат таратылуда.
Мемлекет басшысының АӘК және ТК алушылар үшін төмендетілген бағаларды қолдануға қатысты тапсырмасын орындау шеңберінде, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалының тұтынушыларына тауарлық газды сатудың бөлшек сауда бағасы АӘК және ЖК алушылар үшін 20% — ға төмендетілді (тауарлық газды тұтыну көлеміне қарамастан), бұл өз кезегінде жалпы халық үшін 1 000 текше метр газға 32 640,15 тг, ал АӘК және ТК алушылар үшін — небәрі 26 111,85 тг, яғни 6 528,3 тенгеге немесе 20% аз шығынды білдіреді.
Осылайша, газ тұтынушыларға 50 000 теңге есептеу туралы хабарлама ЖАЛҒАН болып табылады!

 

x

Check Also

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласында “Бірлік” мөлтек ауданының арыз-шағымдары тыңдалды!

Қала тұрғындарымен кездесу барысында Әзімбек Пазылбекұлы бүгін Яссы және Бірлік секторының тұрғындарымен кездесті. Бірлік тұрғындарымен кездесу барысында 2024-2025 жылдары тұрғындар ...