Қартаюдың алдын-алыңыз

«Қартаю — зерігерлік болғанымен ұзақ өмір сүрудің жалғыз жолы» © Бернард Шоу.

Қоғам мәдени дамыған сайын, адам тарихта өмірді ұзарту және өлімді ысырып тастаудың әр уақытта әр түрлі амал-тәсілдер іздеген. Зерттей келе, табиғаттың ережесіне бағынып, күтімін жасау арқылы әдемі қартаюға болатындығы анықталған.

Ортаңызда кейбір адамдар өзінің биологиялық жасына қарағанда жас көрінеді ме? Мұндайды көпшілігі  алкогольді ішімдіктерден, шылым шегуден, есірткі пайдаланудан қатаң аулақ жүретін адамдардың денсаулығынан деп түсініп жатады.

Әйткенмен, мұндай әдеттерден аулақ болса да, өз жасынан егде көрінетін жандар кездесіп жатады.
Ұзақ жасау үшін ағзаңызға жақсы жағдай жасауыңыз қажет.
Қартаюдың алдын алудың қандай маңызды жолдары бар.
Сіздер үшін пайдалы кеңестерді зерттеп көрдік.

ҚАТАҢ ДИЕТАЛАРДЫ ҰСТАНБАҢЫЗ

Адам ағзасы дұрыс жұмыс жасау үшін майды қажет етеді. Қазіргі таңда «Май – зиян!» деген сенім бәріміздің санамызда жатталып қалған.

Бірақ тағам өндіруші компаниялар майсыз тағамдарды бірнеше жылдан бері шығарып келсе де, артық салмақ мәселесі әлі күнге дейін жойыла қоймады.  Біздің ағзамызда қартаюмен күресетін тестостерон гормоны дұрыс қызмет атқару үшін холестерин мен майға зәру. Сол себепті қатаң  диеталар ұстанып, артық қыламын деп тыртық қып алмаңыз.

АУЫР ЖАТТЫҒУЛАР КӨМЕКТЕСПЕЙДІ

Денсаулығымызға ең қажеті – жүрегіміздің, қан айналымының қызметі жақсы жұмыс жасауында.
Бүгінде арамызда фитнес залдарында тезірек нәтиже көру үшін аянбай ауыр жаттығулармен шұғылданып жатқандар көп.

Мұндай жаттығулар керісінше ағзамыздың қартаю процесін жеделдетеді. Оны жаттығуларды қысқа, жылдам жасалатын, ептілікті қажет ететін түрлерімен алмастырыңыз. Осылайша жүректің қызметін жақсартып, физикаңызды қорғайсыз.

КҮНІНЕ ЕҢ КЕМІ ЕКІ ЛИТР СУ ІШІҢІЗ

Адамның бауыры мен бүйрегінің дұрыс жұмыс істеуіне судың пайдасы көп. Сонымен қоса, ауасы құрғақ экологияда теріңіздің ылғалдылығын сақтайды. Күнделікті кемі екі литр су ішуді әдетке айналдырыңыз. Дәрігерлердің кеңесі бойынша, судың 20%-ы күнделікті қабылдайтын тамақтан, қалған 80%-ы ауыз су мен басқа да сұйықтықтан келуі тиіс. Әр күніңізді бір стақан су ішуден бастаңыз.

ҰЙҚЫҢЫЗДЫ ҚАНДЫРЫҢЫЗ
Тым аз ұйықтау немесе тым көп ұйықтау миыңызға кері әсер етеді. «Күніне 8 сағат ұйықтау керек» деген жалған стереотипті жадыңыздан өшіріп тастаңыз. Ғылыми зерттеулер бойынша, күніне 6,5-7 сағат ұйықтайтын адамдар ұзақ өмір сүреді екен. Ұйқысыздыққа әсер ететін факторлардың бірі – магнийдің жетіспеуі. Осы элемент көп кездесетін саумалдық (шпинат) және асқабақтың дәндерін көп жеңіз.

ЖАС КӨРІНУ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ
Сіз қартайдым деп, өзіңізді иландырсаңыз, ағзаңыз да соған сенеді. Салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдансаңыз, әлі жап-жас екеніңізге айналаңыздағы жандар да сеніммен қарайды. Күн сайын оптимистік көзқараспен жүрсеңіз, мәселелеріңіздің де азаюы сөзсіз.
Әр күні күлімдеп, өмірдің әр сәтінен ләззат алуға тырысыңыз.