ҚАНТ ДИАБЕТІМЕН АУЫРАТЫН НАУҚАС ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

Қант диабеті — бұл бүкіл әлемдегі адамдардың денсаулығына үлкен қауіп, ХХІ ғасырдағы денсаулық сақтау проблемаларының бірі.

Әлемде қант диабетімен ауыратын ересектердің саны соңғы 20 жылда үш есе өсті.

Жалпы, әлемде қант диабетімен ауыратын 400 миллионнан астам адам бар.

Қазақстан Республикасында қант диабетімен ауыратын науқастар санының жыл сайын тұрақты өсуі байқалады (қазіргі уақытта жалпы саны 400 мыңнан астам адам, 2030 жылға қарай күтілетін саны – 800 мыңнан астам), бұл пациенттер санының 10 жылда 2,5 есеге ұлғаюының жалпы әлемдік үрдісін растайды (IDF атласы, 2019).

Соңғы 10 жылда елдегі пациенттердің саны 2 есе өсті. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне қант диабетімен динамикалық бақылауда 439 327 адам, оның ішінде 1 типті ҚД диагнозымен – 26778 адам (21989 ересек және 4789 бала) тұрады. Есепте 2 типті ҚД диагнозымен-412 549 адам (412 206 ересек және 343 бала) тұрады.

Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні әлемде және республикада қант диабеті, оның салдары және ауруды емдеу мүмкіндіктері туралы қоғамның хабардарлығын арттыруға бағытталған. Адамдар инсулинді алғаш рет 1922 жылы 11 қаңтарда қолданды.

Осыдан кейін «қант диабеті» диагнозы өлім жазасы сияқты естілмеді.

Қазіргі уақытта тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізіміне бигуанидтерден бастап соңғы буын инсулиндеріне дейін және олардың ГПП-1 антагонистерімен үйлесуіне дейін 30-ға жуық атау енгізілген.

Сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 1 және 2 типті қант диабеті бар барлық пациенттер жеңілдетілген дәрілік препараттармен және медициналық бұйымдармен, оның ішінде инсулиндермен, тест-жолақтармен, инсулин помпаларымен қамтамасыз етілген.