ОРДАБАСЫДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ТАБЫС 3 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ АРТТЫ

Түркістан облысы, Ордабасы ауданының жұртшылығы дәстүрлі “Алтын күз-2022” мерекесін атап өтті. Аталған шара аудандағы ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесімен бастау алды. Онда шаруалар мен диқандар, аталған салада жүрген кәсіп иелері жұртшылыққа өз өнімдерін ұсынды. Сондай-ақ асыл тұқымды төрт түлік өсірушілердің көрмесі де ұйымдастырылды.
2022 жылдың 9 айында ауданда ауыл шаруашылығы саласында 53 млрд. 818 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 млрд. 446 миллион теңгеге артық.
Биыл аудан көлемінде 68 495 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, жоспар 104 пайызға орындалды. Жалпы, 68 мың гектардан астам алқапқа егілген ауылшаруашылық дақылдарынан бүгінгі таңда барлығы 245 мың тоннадан астам өнім жиналды.
Ауданда 15,7 гектар жерге жылыжай құрылысы жүргізіліп, жоспар 105 пайызға, тамшылатып суғару 476 гектар жерге ендіріліп, жоспар 112 пайызға орындалып отыр. Сондай-ақ жаңбырлатып суғару жүйесі де 500 га астам алқапқа ендіріліп, жоспар 111 пайызға орындалды.
Егістік жерді тиімді пайдалану арқылы «1 алқаптан 2-3 рет өнім алу» жобасы да тиімді жүзеге асты. Атап айтар болсақ, 109 шаруа қожалығы 363,7 гектарға дақылдар мен көкөністер екті. Нәтижесінде бірінші өнімнен – 7 854 тонна, екінші өнімнен 5 698 тонна өнім жиналды.
Ауданда мал шаруашылығы бағытында да өсім байқалады. Оның ішінде төрт түліктің саны артуда. Жыл басынан 7 734 тонна мал мен құс еті, 37 861 тонна сиыр сүті және 10 068 мың дана жұмыртқа өндірілді.
x

Check Also

Түркістан: Келесте «Абай» газ тарату станциясы іске қосылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асыру бойынша елімізде инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелер шешіліп жатыр. Осы ретте Түркістан облысына қарасты ...

Жолдау: Түлкібас ауданында ішкі жолдардың қанағатты жағдайы 86 пайыздан артып отыр

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдегі инфрақұрылым саласында ...