ӨҢІРДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ — САЯСИ АХУАЛДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛДАНДЫ — Xnews — ақпарат агенттігі

ӨҢІРДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ — САЯСИ АХУАЛДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛДАНДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен облыстағы қоғамдық-саяси ахуал мәселелері туралы отырыс өтті. Жиынға облыстық прокуратура, құқық қорғау органдары мен тиісті басқармалардың басшылары қатысты. Аудан, қала әкімдері селекторлық режимде қосылды. Жиын барысында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев облыстағы қоғамдық-саяси ахуал туралы баяндама жасап, жыл басынан бері атқарылған жұмыс нәтижесімен таныстырды. Басқосуда қоғамдық-саяси ахуалды бақылауда ұстап, дер кезінде тиісті шараларды жүргізуі тиістігі баса айтылды.
– Басты ұстаным – халықпен тиімді кері байланыс орнату. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату алдағы уақытта атқаратын жұмыстың басым бағытына айналуы тиіс. Қоғамдық диалог, ашықтық, халықтың мұң-мұқтажына жедел назар аудару – мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары. Осы бағыттағы жұмыстарды күшейту керек, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі аталған мәселелердің барлығын қарап шығып, облыс әкімдігіне қарасты басқармалар мен тиісті құзырлы мекемелерге, қала және аудан әкімдеріне құқықбұзушылықтың алдын алып, қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды.
x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...