НЕГІЗСІЗ ҚОРҚЫНЫШТАН ҚҰТЫЛУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

  1. ІШКІ ДҮНИЕНІ ҚАДАҒАЛАУ НЕГІЗІН ТАБУПсихологияда «қадағалау локусы» деген түсінік бар. Ол біздің өмір сүру позициямызға қарай ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Бірінші позиция бойынша, біз жеке өмірімізде орын алып жатқан оқиғаларға ғана, яғни өміріміздегі шешім қабылдау мен шешім шығаруға өзіміз жауап береміз. Жеке кеңістігімізде болып жатқан жайттердің, іс- әрекеттің барлығына өзіміз жауапкершілік аламыз.
    Екінші позицияда сыртқы ортадағы орын алып жатқан жағдаяттарға қадағалау жасау. Мәселен, саяси реформалар, экономикалық, әлеуметтік өзгерістерді қадағалап отыру.

    Бірінші позицияда яғни ішкі қадағалауда өмір сүретін жандар  қорқынышпен оңай күресе алады.

    2 ҚАДАҒАЛАУ ЖАСАЙ АЛМАЙТЫН ДҮНИЕЛЕРДІ БОСАТУ

    Белгісіз қорқыныштармен күресу үшін біз нені басқара алатынымызды, нені басқара алмайтынымызды анықтап алуымыз керек.
    Әрдайым бақылауда, қадағалауда ұстай алмайтын дүниелерді босатуымыз қажет.
    Олар:
    1 Өзгелердің Сіз жайды пікірі
    2 Өзгелердің жауапкершілігі, іс-әрекеті
    3 Экономикалық процесттер
    4 Ауа-райы
    5 Кептелістер
    6 Болашақ

    3 БАҚЫЛАУ ЖАСАЙ АЛАТЫН ДҮНИЕЛЕРДІ БОСАТУ

    Әдетте біз бәрін өз қолымыз да ұстап, бақылауға алғымыз келеді. Өйткені біз болмасақ ешкім мәселені бақылауда ұстай алмайтындай көрінеді. Осылайша өзімізді күшті сезіндіретін
    әсерімізді ешкіммен бөліскіміз келмейді. Мұндайда, Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді мақалын естен шығармаған жөн.
    Дегенмен, кейде бұл әдісті бір нәрсеге назар аударып толық іске асыру үшін қолданған дұрыс.

    4 ТИЯНАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ

    Бұл дегеніміз болашақты жоспарлау.
    Әйткенмен, біз болашақта не болатынына кепілдік бере алмаймыз. Бірақ сауатты дайындық тағдырдың кез келген ауытқуын жеңілдетуге көмектеседі.

    Бұл өз кәсібіңізді ашып, оның қалай табыс әкелетінін жоспарлау сияқты. Осылайша, даму векторы анықталады, бірақ кәсіпкер жағдайға байланысты стратегияны өзгертетіні сияқты, өмірдің де соқпақтарына қарай әрекет жасау.
    Бұл дағды адамның жоспар құруда дамуына көмектеседі.

    5 МЕДИАРЕСУРСТАРДЫ ДҰРЫС ҚАБЫЛДАУ

    Қазіргі уақыт — «Ақпарат ғасыры». Біздің жан-жақтан алатын ақпараттар ағымы психикамызға әсер етпей қоймайды.

 

Біздің әр ақпараттардан алатын әсеріміз моральдық тұрғыдан ғана емес физикалық та әсер береді. Сондықтан әр ақпаратқа үшінші жақтан салқынқанды баға берген жөн.
6 ӨЗІҢІЗГЕ ЖҰМСАҚТАУ БОЛУ
Жоғарыда айтылғандардың барлығы қорқынышты жеңудің бастапқы әдістері болса, бұл әдіс ең негізгі әдіс ретінде есептеледі.
Алға қойылған жоспарларыңызды бір күн орындай алмай қалсаңыз, өз күшіңізге күмәнмен қарамаңыз. Өзіңізге сеніңіз. Адам болмысы эмоциядан болғандықтан өзіңіздің қорқынышыңыз арқылы күш жинауға тырысыңыз. Қорқу табиғи дүние екенін қабылдаңыз.