Менингитті қалай дер кезінде анықтауға болады?

Менингит – ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуы. Жас таңдамайды. Жас балалар иммундық жүйесі әлсіз болғандықтан ересектерге қарағанда көбірек ауырады. Менингит балаларға көбіне ағзаға тамақпен бірге кіретін энтеровирустар арқылы жұқса, ересектерге стрептокок, менингокок, стафилокок, нейсерия сынды бактериялар арқылы жұғады. Дер кезінде анықталған ауруды толықтай емдеп жазуға болады.

Ми қабығының қабынуы көбіне суық тиюден, бактериялардан, шешек(оспа,
ветрянка), шықшыт безінің шошынуы (свинка), көкжөтел (коклюш) немесе
құлақтың қабынуы, тіс түбінің іріңдеуі сияқты бірнеше аурулардың асқынуынан,
жұқпалы аурулардан, ауруды тарататын ошақтардың жақын болуынан, тазалық
сақтамаудан, кейде денеге түскен жарақаттан, құрт ауруынан, тұмау мен iш
сүзегiнен пайда болады. Мәселен, басқа, ми қабығына суық тигізіп алудың арты
ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуына әкеп соқтырады. Құрт
ауруымен ауырған аналардан туған сәбилер де кей жағдайда түберкулез
менингитіне шалдығуы мүмкін. Түберкулез менингиті өте жай дамиды, тіпті
бірнеше күн мен аптаға созылады. Ал басқа түрлері тез өршиді, тіпті сағат, минут
санап өседі. Менингит қоздырғышының пiшiнi бұршақ тәрiздес, қосарланып
орналасады. Бактерия жөтелу кезiнде ауа арқылы жұқпалы түрге айналады.
Сөйтіп мұрынға, яғни кеңсірікке түскен менингококк бактериясы жұлынға, одан
әрі қан айналымы жүйесіне еніп кетеді, нәтижесінде дерт қоздырғышы
күшейедi. Ми қабығының қабынуының жұқпалы түрiне шалдыққан адам ауруды
таратушы болып есептеледі.

Менингит ауырлығына қарай екіге бөлінеді:

1.Жедел

2.Созылмалы.

Бұл ауру ауа арқылы жұғады.

Белгілері:

  • Бас ауырады
  • Дене қызуы көтеріледі
  • Судорга (ұстамалар) пайда болады
  • Науқас мойнын артқа қарай шалқайтады
  • Жарық пен қатты дыбыстардан қорқу
  • Сандырақтау
  • Лоқсу, құсу
  • Бозару
  • Бір жасқа дейінгі баланың еңбегі томпайып көтеріледі;
  • Іші өтуі мүмкін;
  • Сырқатқа шалдыққан бала ұйықтай береді;
x

Check Also

Шымкентте шала туған нәрестеге күрделі екі ота жасалды

Шымкент қалалық перинаталды орталығының дәрігерлері шала туған нәрестеге бір уақытта күрделі екі ота жасады. Шақалақ 31 апталық мерзімде 2350 грамм ...

Түркістан жоғары медициналық колледжі республикалық байқауда Үздік білім беру ұйымы атанды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының ұйымдастыруымен Санжар Жапарұлы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық ...