Медициналық көмекті қаржыландыру және МӘМС жүйесін жетілдіру жоспарлары туралы

Қазір МӘМС қаражаты есебінен адамдар бұрын тек ақылы түрде қолжетімді болған медициналық қызметтерді ала алады.

2022 жылдың 7 айында Медициналық сақтандыру қоры салалық мамандардың 95 млн кеңесі мен диагностикалық тексерулер, соның ішінде қымбат тексерулер – КТ, МРТ, ПЭТ, 12,6 мың қымбат тұратын операциялар, оның ішінде шамамен 4 мың ЭКҰ қызметі қаржыландырылды, деп атап өтті орталық коммуникациялар қызметі  алаңында өткен брифинг барысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Айдын Ашуев.

Брифингте ӘМСҚ басшысы атап өткендей, медициналық сақтандыру жүйесі медициналық көмекке мемлекеттік және жеке шығындардың жеткіліксіздігіне байланысты денсаулық сақтау саласының қаржылық тәуекелдерін жою үшін енгізілді.

«МӘМС жүйесін енгізу арқылы келесі мақсаттар көзделген: медициналық қызметтерді қаржыландыру көлемін арттыру, халықтың қалта шығындарын  азайту, халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыру, медициналық ұйымдар арасында бәсекелестікті арттыру,  амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесін кеңейту. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген 2 жарым жылда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді», – деп атап өтті  А. Ашуев.

А.Ашуевтің айтуынша, МӘМС жүйесін енгізгелі жетілдіруге ақша жетпеген медициналық көмек түрлері қосымша қаржыландырылды. Қызмет көрсететін медициналық ұйымдардың саны артты, олардың көбі (52%) – жеке клиникалар.

Қор барлық коммуникация арналары бойынша халықпен кері байланысқа ерекше көңіл бөледі.

«Жеті айда Бірыңғай медициналық ақпараттық call-орталыққа 460 мың өтініш келіп түсті. Өтініштердің 93%-ы – кеңес беру сипатындағы мәселелер», — деп атап өтті Айдын Ашуев.

Қор басшысы атап өткендей, ағымдағы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Қор медициналық ұйымдарға қатысты 11,8 млрд теңге сомасына 882,6 мыңнан астам кемшілікті анықтады.

Қор басшысы МӘМС жүйесі жұмыстарын жетілдіру бойынша жоспарларын айтты. Процестердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Қор деперсонализацияланған айқаспалы және толассыз мониторинг жүргізуді көздейтін ақпараттық жүйені әзірледі және сынақтан өткізуде.

«Бұл, алдымен, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды. Екіншіден, сарапшыға медициналық көмек алатын пациенттің бағытын көруге мүмкіндік береді (учаскелік дәрігердің қабылдауынан бастап, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және оңалтуға дейін)», — деп Қор басшысы әзірленген ақпараттық жүйенің маңыздылығын түсіндірді.

Сондай-ақ, медициналық қызметті алу фактісін растау үшін жеке верификация тетігін енгізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, Қор басшысы пациенттерді қолдау қызметтерінің жұмысы бойынша сұрақтарды атап өтті. Медициналық ұйымдармен бірге олардың тиімділігін арттырудың жүйелі тәсілдері пысықталуда.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің МӘМС үйлестіру департаментінің директоры Гүлжан Шайхыбекова өз кезегінде Мемлекет басшысының саланы қаржыландыру тәсілдерін қайта қарау жөніндегі тапсырмасы аясында бірқатар іс-шара іске асырылатынын атап өтті.

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне арналған шығыстарды (шамамен жылына 200 млрд теңге) және халықтың 15 жеңілдікті санаты үшін (2023 жылы – 232 млрд теңге, 2024 жылы – 306 млрд теңге, 2025 жылы – 354 млрд теңге). мемлекеттің МӘМС жарналарын қосымша қаржыландыру мәселесін пысықтау қажет. Сондай-ақ қаражатты әкімшілендіруді оңайлату үшін және оларды тиімді пайдалану мақсатында ТМККК және МӘМС пакеттерінің қаржы ағындарын біріктіруді заңнамалық реттеу керек», — деп атап өтті ол.

 

x

Check Also

В Шымкенте недоношенному новорожденному провели две сложные операции

Врачи Шымкентского городского перинатального центра успешно провели одновременно две сложные операции недоношенному новорожденному. Малыш появился на свет на 31-й неделе ...

Шымкентте шала туған нәрестеге күрделі екі ота жасалды

Шымкент қалалық перинаталды орталығының дәрігерлері шала туған нәрестеге бір уақытта күрделі екі ота жасады. Шақалақ 31 апталық мерзімде 2350 грамм ...