Көк шайдың адам денсаулығына зияны бар ма?

  • Шәй сөзі қытайдың «тцай-ие» деген сөзінен тараған. Ол «жас жапырақ» деген сөз екен. Шәйдың және байхы деген сорты бар. Бұл да Қытайдың «байхоа» деген сөзі болса керек. Біздіңше ол «ақ кірпік» деген мағына береді.
  • Таңғы сергектікті сыйлаушы сусынның бірнеше түрі бар. Атап айтқанда,улун, пассифлора, валериан шәйы, зімбір шәйы, қалақай шәйы, мия тамыры шәйы, өзіміз білетін қара шәй, көк шәй т.б
    Жүрек қан тамырларының жұмысын жақсартатын-көк шәй жайында бірқатар ақпарат бізден болсын.
    Көк шәй – Қытай, Жапония, Үндістан мен Ява аралында өндіріс қажеттіліктері үшін өсірілетін мәңгі жасыл ағаш бұталарының кептірілген жапырақтары.Қара шәйға қарағанда көк шәйдың дайындалу жолы, дәмі, құрамы, әсері басқаша болады.
    Көк шай адамды семіртпейді, несеп бөлу мен жүрек бұлшық еттерінің қызметін күшейтеді, қан қысымын төмендетеді, адам жанын сергітіп сейілтеді. Көк шәй жан мен тәнді жадырататын дәрумендерге бай.
    Оның құрамында дәміне әсер ететін илік заттектер бар. Иісінің хош иісті болу себебі эфир майларының болуында.
    Көк шәйдың құрамындағы кальций, темір, калий, мырыш, фтор, фосфор, йод және мыс секілді пайдалы микроэлементтер өмірлік процестерге оң әсер етеді.
    Шәй жапырақтары зат алмасу процестерін жақсартатын A, C, E, K, P дәрумендеріне бай.
    Көк шәйдың жасыл сіріндісінен жасалған маскалар бет терісін жақсы сергітіп, оның серпінділігін арттырады және бет пішінін тартып, тегістейді. Зат алмасу процестерін ынталандыру және ағзаны тазарту құралы ретінде асқорыту жолының қызметін жақсартып, салмақ тастауға ықпал етеді.
    Шәйды қоюлап ішу кезінде кофеиннің ынталандырушы әсері ағзаның стреске қарсы жұмыс істеу қабілеттілігі мен төзімділігін арттыруға көмектеседі. Одан бөлек, шәй бауырдың, бүйректің, қан тамырлары жүйесін жақсартушы витаминдерге бай.
    Шәйды ішкенде құрамындағы пайдалы заттарды жоғалтып алмас үшін төмендегідей ережелерді ұстану керк
    –    Жаңа және жоғары сапалы өнім сатып алыңыз;
    –    Шәй жапырақтарын 60-90 градусқа дейін қыздырылған таза сумен дайындау керек;
    –    Шәйды аш қарынға және кешке ішпеңіз;
    –    Көк шайды алкогольмен біріктірмеңіз;
    –    Дәріні көк шаймен ішуге болмайды;
    –    Тым қою немесе ыстық қылып ішпеңіз.
  • Зиянына келер болсақ

көк шай қалыпты нормада пайдалану кезінде ғана зиянсыз болады.
Есіңізде болсын:
Шәйдың қоздырушы әсері бар. Оны шамадан тыс ішу сүйек тығыздығының төмендеуіне және сүйектердің тез сынуына әкеледі.

Шәй ішуді жақсы көретін азаматтар қою шәйді жиі ішудің зияндығын ескеруі  керек:
Қою шәйлер созылмалы бүйрек және бауыр ауруларын, асқазан ауруларын (қышқылдықтың көтерілуі), өткір кезеңдегі ішек жарасын, атеросклероз, гипертензияны қоздырады. Одан бөлек,
жүкті әйелдің денсаулығына кері әсер беруі мүмкін.

x

Check Also

Г.Головкин World Boxing жаңа олимпиадалық комиссиясының төрағасы болып сайланды

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясы (World Boxing) жаңа Олимпиадалық комиссиясының төрағасы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. ...

«Скорая» будет выезжать на все вызовы круглосуточно. Изменения коснутся только бригад ПМСП — Минздрав

Айгерим Уразалиева, Официальный представитель Министерства здравоохранения Республики Казахстан: Cегодня в ряде СМИ опубликована неверная интерпретация содержания проекта приказа о внесении ...