KARATE-1 SERIES A РЕЙТИНГТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ

Индонезияның Джакарта қаласында Karate-1 series A рейтингті халықаралық турнирі өтті. Құрлықтық додаға әлемнің мықты деген спортшылары жиналып, бас жүлде үшін таласқа түсті. Тартысты сайыста Түркістан облысының намысын қорғаған Даулет Шымырбеков пен Гүлмира Үсенова қос күмісті Ел қоржынына салды.
Жүлдегер атанған талантты спортшыларды халықаралық додаға бабы мен бағын келістіріп дайындаған тәжірибелі жаттықтырушы Боран Төлеевтің еңбегін атап өткен жөн. Әлемдік аренада еліміздің атын шығарған спортшылар білікті басшы Нұрмахан Мелдеханов жетекшілік ететін Түркістан облысының жоғары шеберлер спорт мектебінің шәкірттері.
Дарынды спортшыларға алдағы уақытта сәттілік тілеп, жүлделерімен құттықтаймыз!!!