«ЖҰМЫСТЫ «ЖҮРДІМ-БАРДЫМ» АТҚАРУ — ЖАУАПСЫЗДЫҚ. МАҒАН СЕБЕП АЙТУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ, ШЕШУ ЖОЛЫН ҰСЫНЫҢЫЗДАР»

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков аппараттық мәжілісте орынбасарлары мен бөлім басшыларына осылайша ескерту жасады.
— Жетістік жоқ емес, бар. Бірақ, оған марқайып, тірлікті «ұзын арқан, кең тұсауға» салуға болмайды. Кезегін күткен күрмеулі мәселелер көп екенін ұмытпаңыздар, — деді шаһар басшысы өз сөзінде.
 Сонымен қатар, қай істе де бірінші кезекте заңды басшылыққа алу қажеттігін, мамандар тарапынан құқық бұзушылыққа жол берілмеуін бақылауды мекеме басшыларына қатаң тапсырды.
 Берілген тапсырмалардың орындалуы, нәтижесі мәжіліс барысында баяндалды. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу деңгейі де талқыланды.
x

Check Also

Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заң арқылы жасанды интеллект жүйелері қызметінің негізгі қағидаттары енгізілді. Жасанды интеллект жүйелері ақпараттандыру нысаны ретінде анықталды. Енді жасанды интеллект адамның ...

Аграрлық сектордың жаңа бағыты: Қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция және экспорт

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумында агроөнеркәсіп кешенін кешенді жаңғыртудың жаңа кезеңін таныстырып, саланы қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция тарту ...